Коронавирус: Орталық Азиядағы ең үлкен мешітті ашу салтанаты кейінге шегерілді

141
Фото: centralasian.org

Орталық Азия елдеріндегі ең үлкен мешіт Душанбеде 12 наурызда салтанатты түрде ашылуы тиіс еді. Оған Катар әмірі қатысуы керек болған, деп хабарлайды centralasian.org.

Тәжікстан дін істер жөніндегі комитеттің төрағасы Сулаймон Давлатзоданың айтуынша, «Катар әмірінің сапары коронавирусқа байланысты кейінге шегерілді».

Орталық мешіт 12 гектар жерді алып жатыр. Онда намазхана, кітапхана, мұражай, жиналыс залы мен қабылдауы залы бар. Мешіттегі төрт мұнараның әрқайсының биіктігі 75 метр. Бас күмбездің биіктігі 47 метр. Одан бөлек тағы 20 кіші күмбез бар.

Мешіттің алғашқы кірпішін 2009 жылы қазанда ел президенті Эмомали Рахмон қалаған.

Душанбедегі Орталық мешітке 120 мың адам сияды. Осылайша ол Орталық Азиядағы ең үлкен мешітке айналады. Түркіменстандағы Түркменбашы Рухы мешіті мен Қырғызстандағы Имам Сарахси мешіті одан сәл кішірек.

Жоба құны 100 млн доллар. Қаражаттың 70 пайызын Катар берсе, қалғанын Тәжікстан үкіметі бөлді.

Оқи отырыңыз:

Фото: centralasian.org