Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Мамандар Ухань базарындағы өнімдерден COVID-19 табылмағанын айтты. Ғалымдар инфекция адамға жарқанаттан жұқты деген болжамды растап, вирус теңіз өнімдері базарында болған науқастан тарала бастады деген пайымға келді.
Алайда сарапшылар вирус алғашқы адамға базарда емес, басқа жерде жұқты деп отыр.
Ғалымдар Қытайда ең алғаш тіркелген 13 адамның Уханьдағы базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді, деп жазады The Sun.
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді
- Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті
- Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз