Басты бет Оқиға Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар туралы

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар туралы

Қазақстанда коронавирус жұқтырған екі адам анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Үш айдан бері біраз шаруа атқарылды. Бірақ, өкінішке қарай, бүгін бірнеше тексерістен кейін екі Қазақстан азаматынан коронавирус инфекциясы табылды. Бас санитарлық қаулымен бұл екі пациент карантиндік стационарға жатқызылды», — деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде пациенттердің жағдайы жақсы, барлық қажетті процедуралар атқарылып жатыр.

«Дәрігерлер дайын, олар не істеу керектігін біледі. Біз көп қиындықтан өткенбіз. Осы қиындықтан да өтеміз», — деді Біртанов.

Біртанов екі азамат Германиядан ұшақпен келгенін жеткізді. Олардың бірге емес, әр күні келгені белгілі болды.

«Мен ол адамдардың жеке мәліметтерін айта алмаймын. Ол — заңның талабы. Біреуі — ер адам, екіншісі — әйел. Екеуі де Германиядан келген. Біріншісі 9 наурызда ұшып келген. Ал екінші пациент Қазақстанға 12-сінде, яғни кеше кешке қарай, негізі, бүгін түнде келді деуге болады», — деді Біртанов арнайы баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 9 наурызда ұшып келген борттағы барлық жолаушы анықталды. Олардың саны — 73 адам.

«Бізде тізім бар. Қазіргі кезде біз оларды оқшаулау шараларын бастап жатырмыз. Ал екінші ұшақ бүгін түнде ұшып келген. Бортта экипажбен бірге 12 адам болған. Олар бірден Алматыдағы инфекциялық стационарға жатқызылды», — деді ол.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...