Басты бет Экономика Қаржы "Котел" ойыны: Тоқаевтың кеңесшісі өз ойын ашық айтты

«Котел» ойыны: Тоқаевтың кеңесшісі өз ойын ашық айтты

Фото pixabay.com сатынан алынды

Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов «Котел» ойынымен күресудің жаңа амалы ретінде – банктер 14 300 теңгені аудармау керек екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

Оның пікірінше, «Котел» ойынының негізгі тәртібі мынадай:

  • Кіру сомасы көп емес;
  • 4 деңгейлі тетікпен жылдам әрі тез «ойнау»;
  • Қайта кіру мүмкіндігі бар;
  • Бірыңғай орталықтың болмауы.

«Міне, «Черный касса» ойынымен осындай ұқсастықтары арқылы бұл ойын адамдарды оңай шатастыруы мүмкін. Артықшылығы – «Котел»-да бірыңғай орталық болмағандықтан, адамдар айналым біткенше өз кезегін күтпейді. Соның өзінде бұл ойын түрі таныс емес адамдар арасында тез таралып жатыр. Ал мұның алдын алу үшін 14 300 теңге аударатын банк шоттарын бұғаттаса жеткілікті. Тіпті, бұрын аударылған қаражаттарды да кері қайтаруға болады. Ең бірінші бенефициардың да есебін шығару мүмкіндігі бар», — деп жазды Құдайбергенов.

Еске сала кетсек, қазақстандықтар арасында желі арқылы жеңіл ақша табуға шақыратын түрлі хабарламалар кең тарала бастаған болатын. Кейін ішкі істер министрлігі «Котел» немесе Черная кассаға» қатысты арнайы тексеру жұмысы басталғанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...