Басты бет Спорт Ұлан-Баторда Qazaq kuresi-нен Азия чемпиондары анықталды

Ұлан-Баторда Qazaq kuresi-нен Азия чемпиондары анықталды

Ұлан-Батор қаласында (Моңғолия) Qazaq kuresi-нен Азия чемпионаты тәмамдалды, деп хабарлайды MediaWorld.kz Qazaq kuresi Халықаралық федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Чемпионатқа Қытай, Үндістан, Пәкістан, Корея, Жапония, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан сияқты 11 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысты.

Бозкілемде кездесулер сегіз салмақ дәрежесінде өтті. Сондай-ақ, абсолют салмақ дәрежесінде де медальдар сарапқа салынды.

«Бүгінгі чемпионатқа Қытай, Үндістан, Пәкістан, Корея, Жапония сияқты 11 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысып отыр. Халықаралық қазақ күресі федерациясы ұлттық спорт түрінің шетелдерде дамуы мен көркеюі бағытында қарқынды жұмыс жасап келеді. Бүгінде Грузия, Қытай, Иран мемлекеттерінде қазақ күресі федерациялары бар. Бұл ретте, осындай ауқымды іс шараны ұйымдастыруға атсалысқан Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга мырзаға, Моңғолия Білім, мәдениет, ғылым және спорт министрлігіне, оның ішінде Дене шынықтыру және спорт бөлімінің директоры Энэбиш Мунхбилэгке,  қазақ күресінен Азияда федерациясының Президенті Хашбаатар Цагаанбаатарға ерекше алғыс білдіргіміз келеді», — деді Халықаралық Qazaq kuresi федерациясының Бас хатшы кеңесшісі Ұлан Рысқұл.

Азия чемпионатының ұйымдастырушысы – Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы. Федерация президенті –  Қанат Бозымбаев.

Сонымен жеңімпаздар тізімі:

55 келі салмақта

1-орын — Tutkyshev Nariman (Қазақстан);

2-орын — Davaanyam Bukhchuluun (Моңғолия);

3-орын — Amarsanaa Khatansaikhan (Моңғолия) және Erdangchaolu (Қытай).

60 келі салмақта:

1-орын Khuanbay Yelaman (KAZ);

2-орын Battseren Enebish (MGL);

3-орын Nurddinov Shokhrukh (UZB) және Purevdagva (MGL).

66 келі салмақта:

І-орын Batzaya Erdenebayar (MGL);

2-орын Bold Sambuunyam (MGL);

3-орын Huseynzoda Muhammadrajab (TJK) және Zhaanbayev Nurzhigit (KGZ).

74 келі салмақта:

1-орын Sato Yuya (JPN);

2-орын Bat-Erdene Purevdavaa (MGL);

3-орын Nurddinov Shokhrukh (UZB) және Sanjmyatav Bayartuvshin(KAZ)

82 келі салмақта:

1-орын Bayanmunkh Gaajadamba (MGL);

2-орын Eskandari Mostafa (IRN);

3-орын Yessenov Zhaidarbay (KAZ) және Batmunkh Altansukh (MGL).

90 келі салмақта:

1-орын Erdentogtokh Tumennasan (MGL);

2-орын BatnasanTengis (MGL);

3-орын Rysbay Ayan(KAZ) и Ikromov Sarvar (UZB).

100 келі салмақта:

1-орын Issagabylov Maksat (KAZ);

2-орын GAN Tuvshijargal (MGL);

3-орын Juraev Ilkhom (UZB) и Delger Tserennyam (MGL).

100+ келі салмақта:

1-орын Byeryedmurat Syerik (MGL);

2-орын Seiten Aibat (KAZ);

3-орын Khutag Tsogtgerel (MGL) и Kurbonaliev Dadakhon (TJK).

DORJ Anar Моңғолияда өтіп жатқан қазақ күресінен Азия чемпионатында түйе палуан атанды.

Бүгінде Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы ұлттық федерацияларды біріктіруші, Қазақстан Республикасынан тысқары елдерде турнир өткізетін жалғыз федерация болып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...