Басты бет Қоғам Әлеуметтік жәрдемақы төлеу тәртібі өзгертілді

Әлеуметтік жәрдемақы төлеу тәртібі өзгертілді

Төтенше жағдайда табыссыз қалған азаматтарға жәрдемақы беру тәртібіне өзгеріс енгізілді. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрдің айтуынша, енді осы тізімге кіретін азаматтардың саны артады. Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін жәрдемақыны тағайындау тәртібі жеңілдей түседі.

«Біріншіден, жәрдемақы алатын адамдардың саны артады. Енді, оларға азаматтық-құқықтық келісімшартпен жұмыстар мен қызметтерді атқарғандар да қосылады. Бірақ міндетті зейнетақы жарналары төленуі шарт. Бұдан бөлек, карантин жарияланған елді мекендерде ірі бизнес нысандарда жұмыс істеген адамдарға да жәрдемақы төленеді», — деді Абаев бүгінгі онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, енді төтенше жағдайға байланысты адамның табыстан айырылғанын растайтын құжаттарды ұсынудың қажеті жоқ. Ол талапты алып тастады. Осылайша, жаңа тәртіпке екінші өзгеріс енгізіліп отыр.

«Бұған дейін жұмыс беруші өз жұмысшылары үшін әлеуметтік төлемге арыз беруге құқылы болған. Ал жеке кәсіпкерлер мен бірыңғай жинақ төлемін төлейтіндер өздері үшін құжат тапсырған. Бірақ «жұмыс беруші жұмыскердің табыстан айырылғанын растайтын құжатты ұсынуы тиіс» деген талап болды. Енді, ондай құжаттарды ұсынудың қажеті жоқ. Әлеуметтік төлемді алу үшін жұмыс беруші арыз бен жұмысшылардың тізімін ғана береді. Жеке кәсіпкерлер, бірыңғай жинақ төлемін төлейтіндер тек арызды ғана береді. Сондай-ақ, жұмыскерлер жұмыс беруішіні күтпей, арызды өз бетімен жібере алады», — деп атап көрсетті Абаев.

Осы орайда министр жалған ақпарат үшін жауапкершіліктің бар екенін еске салды. Арызды электронды үкімет арқылы жіберуге болады.

«Сосын бұған дейін әлеуметтік сақтандыру қорына соңғы бір жылдың ішінде, кем дегенде, үш айдың жарнасы төленуі керек еді. Енді, бір айдың төлемі жасалса да жеткілікті. Бұның бәрін дәлелдеудің қажеті жоқ. Оны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы автоматты түрде тексеріп шығады. Төртінші өзгеріс — өтінімді қарау мерзімінің 7 күннен 3 күнге қысқаруы «, — дейді Абаев.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Бес баласының бірін сатпақ болған шымкенттік әйелге сот үкімі шықты

Шымкентте бір жасар баласын сатып жатқан кезде ұсталған әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 1993 жылы...

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы үшін байқау жарияланды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы бойынша «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды, деп хабарлайды MediaWorld.kz. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі волонтер жылын жүзеге...

Биыл Қазақстанда қыс қандай болады

Қараша айының бірінші жартысында республиканың солтүстік бөлігінде, шығысында және орталығында қысқы ауа райы болжанады, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. Қараша айында жауын-шашын (көбінесе қар),...

Өзі жүре алатын ескі техникаға 2 миллион теңгеге дейін береміз – ӨКМ Операторы

ӨКМ Операторы («Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері Операторы» ЖШС) істен шыққан ауыл шаруашылығы техникасын (өздігінен жүретін) қайта өңдеуге қабылдау бағдарламасын іске қосады. Агротехникаларды қабылдау осы жылдың...

Қырғызстанда Қытайға берешекті өтеу үшін ақша жинау туралы ұсыныс айтылды

Қырғызстанда мемлекеттің Қытайға қарызын өтеу үшін ақша жинау туралы ұсыныстар айтылды. Бұл туралы 19 қазанда Жогорку Кенеш депутаты, "Әйелдер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің басшысы Айнұр...

Коронавирус: Еліміздің қай аймақтарында карантин режимі күшейтілді

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирус инфекциясының таралуына байланысты тоғыз облыста, елордада және Алматыда карантин режимі күшейтілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Күз келе салысымен бүкіл әлемде COVID-19-қа...

«М.Тазабековтің мақсаты — Қазақстанды Ауғанстан мен Сирия секілді діни мемлекетке айналудыру»: қоғам белсендісі Тоқаевтың атына үндеу жасады

Мұхамеджан Тазабековтің еліміздің басты арнасына арнайы уақыт алып «Тәлім-тренд» бағдарлама ашып, уағыз жүргізуіне қарсылық білдіріп жатқандар саны азаяр емес. Тіптен «қауіптің алдын алмаса болмайды»...