Басты бет Қоғам Дін Әлеуметтік желіде тыйым салынған дәрістер насихатталғаны анықталды

Әлеуметтік желіде тыйым салынған дәрістер насихатталғаны анықталды

Көлік полицейлері әлеуметтік желіде аудио дәрістер арқылы дәстүрлі емес ислам идеяларын насихаттаған 29 жастағы ер адамды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл ақпан айында көліктегі Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “VКонтакте” әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу кезінде 29 жастағы ер адамның әлеуметтік желіде дәстүрлі емес ислам идеяларын насихаттайтын аудио дәрістерді сақтау фактісін анықтады.

Тексеру барысында ер адамның Шу станциясындағы әскерилендірілген темір жол күзетінің жұмысшысы екені анықталды.

Дінтану сараптамасының қорытындысы бойынша аудио жазбалардың ҚР аумағында тыйым салынғаны анықталды.

Жамбыл облысы Шу аудандық сотының шешімімен аталған адам ҚР ӘҚБтК 453–бабының 1–бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 20 АЕК мөлшерінде 53 020 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.

Көлік полициясы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, ҚР тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездікті, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған мәліметтер мен материалдар қамтылған бұқаралық ақпарат құралдары өнімін дайындауға, сақтауға, әкелуге, тасымалдауға, таратуға тыйым салынатынын ескертеді.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Мәдениет және спорт министрі Шавкат Рахмоновқа қандай уәде берді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады. Бұл туралы министр Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. "Қазақстан...

Үкімет Ұлттық қорға қайта «қол салмақ»

Соңғы сегіз жылда ондағы активтер 16 млрд долларға қысқарған, деп жазады inbusiness.kz. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев кейбір базалық инфрақұрылымдық және басқа да стратегиялық шығыстарды Ұлттық...

Өзбекстанда өткен Азия чемпионатының соңғы күні ел қоржынына екі медаль түсті

Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте 17 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында семсерлесу мен қылыштасудан Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық додасының соңғы күні Ұлттық құрама қоржынына...

Заңға алғаш рет “қатыгез әрекеттер” түсінігі енді

Енді қатыгез әрекеттер заңмен қудаланады. Аталған өзгерістерді бүгін Сенат депутаттары бір ауыздан мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Түзетулер Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілді. Бүгін...

Биыл полицияға хабар-ошарсыз кеткендер туралы 1600-ге жуық хабарлама келіп түскен

Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қуаныш Ибрашев айтты, деп жазады inbusiness.kz. "Жоғалып кеткен адамдарды іздестіруге қатысты...

Әйгілі Флойд Мейвезермен жұдырықтасқан қазақ боксшысы қайда жүр

1996 жылғы Атланта Олимпиадасында бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Бақтияр Төлегенов пен америкалық Флойд Мейвезер жұдырықтасты. Кейін әлемге даңқы тараған Мейвезерге қарсы қазақ боксшысы айтарлықтай...

Атырау қаласында жасөспірім көпқабатты үйлердің бірінен құлап мерт болды

Атырау қаласында 16 жастағы жасөспірім биіктен құлап көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "2 наурызда сағат 23:30 шамасында...