Әлеуметтік желіде жігітпен танысқан 17 жастағы қыз полицейлерді әбігерге салды

186
Фото pixabay.com сайтынан алынды

Павлодар облысында тұратын 17 жастағы бойжеткен әлеуметтік желіде жігітпен танысып, Алматыға қашып кеткен. Бұл жайында облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан

Май ауданының Жұмыскер ауылында тұратын бойжеткеннің анасы 31 шілдеде полицияға арызданып, қызының 25 шілде күні таңертең үйден шығып кетіп, содан бері оралмағанын айтқан.

Қызды іздеуге ауданның барлық полиция бөлімі жұмылдырылды.

«Жедел уәкілдер кәмелетке толмаған бала жоғалып кеткенге дейін «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы жас жігітпен сөйлескенін анықтады», — деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Осылайша, полиция қызметкерлері 23 жастағы жігіттің тіркелген жеріне барған. Нәтижесінде үйінен қашып кеткен қыз Алматы қаласынан табылды.

Тәртіп сақшылары жастардың әлеуметтік желіде танысып, бірнеше ай бойы хат алмасып, сөйлесіп жүргенін анықтады. Кәмелетке толмаған қыз анасына қайтарылды.

Баламен ювеналды полиция қызметкері де, мектеп психологтары да жұмыс жүргізді. Анасына әкімшілік іс қозғалды, — деп толықтырды полиция.

Сондай-ақ, ана мен қыздың мінез-құлқы аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралады.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз