Басты бет Қоғам Ломбардтарды жарнамалаған әртістер мен блогерлер заң алдында жауап береді

Ломбардтарды жарнамалаған әртістер мен блогерлер заң алдында жауап береді

Даулы ломбардтардың қызметін жарнамалаған Қазақстандағы танымал тұлғалардан полиция жауап алады. Бұл туралы мәжіліс кулуарында Қазақстан ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, эстрада жұлдыздары мен блогерлерден жауап алу жақын арада басталады.

«Жарнама туралы заңға сәйкес жауапкершілік қарастырылған. Бірақ бұл жауапкершілікті де анықтау керек. Біздің шоу-бизнес, эстрада жұлдыздарымыз қылмыстық іс-әрекетті жарнамалай отырып, ақшаны алдап алу мақсатында құрылған қылмыстық ұйымдардың жұмысын жарнамалайтынын білуі тиіс», — деді Санжар Әділов.

Қазақстандағы ломбард жанжалы

Өткен аптаның соңында Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Атырау және басқа өңірлердің тұрғындары бірнеше күннен бері «Гарант 24», «Estate Ломбард» және Home Avto Invest ломбардтарына салған ақшасын қайтара алмай жатқанын айтып шағымданды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ломбардтардың қызметін қаржы пирамидасымен салыстырып, лицензиясыз банк қызметін заңсыз жүзеге асырғанын мәлімдеді.

Ломбардтар азаматтардан жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жоғары құны бойынша бөліп-бөліп сатып алған, кейіннен 3-5 ай ішінде клиенттерге мәміле сомасының бір бөлігін төлеген, ал осы уақытта қабылданған мүлікті үшінші тұлғаларға нарықтық құнынан төмен сатқан. Бұдан басқа, аталған компаниялар өз клиенттерінен депозит ретінде ай сайынғы сомадан 30-дан 40%-ға дейін сыйақы төлеуге уәде бере отырып, салымдар қабылдаған. Барлық ақшалай қаражат бас офиске құйылатын.

22 ақпанда бірқатар өңірде «Гарант 24» ломбарды филиалдарының директорлары ұсталды. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Павлодар, Тараз және Қарағандыда ломбард директорлары қамауға алынғанын мәлімдеді.

«Ақшаларыңды қайтармаймын!»

Ломбардтар салымшыны көптеп тарту үшін қазақстандық эстрада және спорт жұлдыздарының қатысуымен кең жарнамалық науқан жүргізген. «WhatsApp» мессенджерінде ЖШС басшылары чат құрып, оған барлық салымшы кірген.

Осы жылдың 15 ақпанында серіктестіктердің басшылары өз қызметін бір уақытта тоқтатып, ұрланған ақшамен бой тасалаған. 19 ақпан күні «Гарант 24 Ломбард» ЖШС құрылтайшысы, 1993 жылы туған Мырзабеков Аслан Пазылжанұлы «WhatsApp» чатында салымшыларға «Мен сендердің ақшаларыңды қайтармаймын. Сенімдерің үшін рахмет! Тегін ақша әуесқойлары! Бәріңіз сау болыңыздар!» деген хабарлама қалдырған.

Сол күні әр аймақтардағы ішкі істер органдарына азаматтар жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ ақшаны заңсыз иеленуге байланысты шағым түсіре бастаған. Шетелде бой тасалап жүргендердің ішінде Мырзабеков те бар.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Соңғы жаңалықтар

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...