Басты бет Оқиға Лотерея қызығына кірген Ернар Айдарды сақшылар жерге жатқызды (видео)

Лотерея қызығына кірген Ернар Айдарды сақшылар жерге жатқызды (видео)

Әнші Ернар Айдардың инстаграмдағы тікелей эфирінде бұл жолы әншінің өзі емес, полицейлер жұлдыз болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Аяқ астынан сау ете қалған сақшылар лотереяның қызығына кірген әнші мен оның қасындағы бірнеше адамды құдды кинодағыдай жерге жатқызды.

Әлеуметтік желіде тараған видеода әнші ұтыс қорытындысын жариялап, жеңімпаз пәтерге ие болғанын сүйіншілеп жатыр еді. Іле-шала, шат-шадыман көңіл күй сап тыйылды. Полиция департаменті: «Олар карантин режимін бұзды» дегеннен басқа артық тіс жармай отыр. Бірақ бір бөлмеде болған 12 адамды ұстау операциясын Экономикалық тергеу қызметкерлері жүргізген. Соған қарағанда, карантин бер жағы сияқты. Әрі Ернар Айдардың осы ұтыс ойындарына байланысты алаяқтыққа қатысы бар болуы мүмкін деген де ақпарат шығып жатыр. Мәселенің ақ-қарасын алдағы күндері Экономикалық тергеу қызметі ажыратып, ресми ақпарат бермек. Ал әншінің өзі әзірге тек карантин режимін бұзғаны үшін кешірім сұрады.

— Мен өз әрекетіме – карантин жағдайынан шығып кеткеніме кешірім сұраймын. Әрине, мен ол жағынан қауіпсіздікті сақтауым керек. Кешірім сұраймын, ол көрініп тұр ғой, тікелей эфир, барлығы.

Оқи отырыңыз:

Фото: видеоның скриншоты

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...