Басты бет Қазақстан LRT жобасы бойынша қозғалған іс: Шығын көлемі миллиардтан асып кеткен

LRT жобасы бойынша қозғалған іс: Шығын көлемі миллиардтан асып кеткен

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Екінші департаментінің бастығы Сергей Перов LRT құрылысына қатысты тергеу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол тергеу жүріп жатқанын, бірқатар сараптамалық зерттеулер аяқталуға жақын екенін айтты.

— Келтірілген шығын көлемі бірнеше есе өсіп, миллиардтан астам теңгені құрады. Бүгінгі таңда бұл іс бойынша алты күдікті, оның ішінде әкімдіктің төрт қызметкері жауапқа тартылуда. Бұлар — жоғары лауазымды тұлғалар, әкімдіктің бұрынғы жауапты қызметкерлері. Мен нақты ақпаратты айта алмаймын, себебі тергеу жүріп жатыр. Тергеу жалғасуда, оның нәтижелері бойынша біз арнайы баспасөз мәслихатын өткіземіз, — деді Перов.

Ол экономикалық және құрылыс жұмыстары бойынша сараптама мен зерттеулер жүргізіліп жатқанын айтты.

— Біз орындалған құрылыс жұмыстарының көлемін тексеріп, сәйкесінше шығын мөлшерін есептейміз. Сараптамаларды сот сарапшылары, осы салада жұмыс істейтін жеке компаниялар, сондай-ақ ұлттық банктің мамандары жүргізеді. Біз барлық сараптамалар мен зерттеуді бір ай ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз, — деді ол.

Оның айтуынша, қашып кеткен күдікті Арданға халықаралық іздеу жарияланған. Оны интерпол іздеп жатыр.

«Біз оның қайда екенін білмейміз. Ал қалған күдіктілермен жұмыс істеп жатырмыз. Олар ұсталмаған, олар күдіктілер ретінде танылып, бұл істе белсенді әріпестік танытуда, тергеуге қатысып, сұраққа көзбе-көз жауап беріп, тергеліп жатыр», — деп сөзін қорытындылады Перов.

Айта кетсек, 8 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте LRT ісін дұрыстап тергеуді, басқалармен қатар, елорда әкімдігінің бұрынғы басшыларын да тексеруді тапсырды. LRT жобасының өзін мемлекет басшысы «өте даулы және экономикалық тұрғыдан тиімсіз» деп атап өткен.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...