Басты бет Оқиға Қылмыс Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау тұрғындарын ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау тұрғындарын ұстады

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысындағы департаменті Каспий теңізі айлағында балықты заңсыз аулаған браконьерлерді қолға түсірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау қаласында жергілікті тұрғындар тобы балықтардың бекіре тұқымдарын оны одан әрі өткізу мақсатында аулау және уылдырық алу бойынша заңға қайшы әрекет ұйымдастырған.

«Ұсталғандардың қылмыстық әрекетінің салдарынан мемлекетке 64 миллион теңгеден астам зиян келді, заңсыз айналымнан 139 килограмм бекіре тұқымдас балық пен 11 килограмм қара уылдырық алынды», — делінген хабарламада.

ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлігі 1, 4-тармақтары («Балық ресурстарын, басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу»), 339-бабы 2-бөлігі 2-тармағы («Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...