Басты бет Оқиға Қылмыс Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокурорларды қылмыс үстінде ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокурорларды қылмыс үстінде ұстады

Өскеменде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері екі прокурорды кәсіпкерден 50 миллион теңге көлемінде ақша алып жатқан жерінен ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

ҰҚК ұстау операциясын 2019 жылдың 10 желтоқсанында Бас прокуратураның ішкі тергеу департаментімен бірлесіп жүргізген.

«Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында кәсіпкерден 50 миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатты қорқытып алу кезінде ҚР Бас көлік прокуратурасы қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры Әлжаппар Құтанов пен ШҚО прокуратурасы қоғам мүдделерін қорғау басқармасы бастығының орынбасары Айдос Рамазанов қылмыс үстінде ұсталды», — деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ұсталғандарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі 2-т. («Қорқытып алушылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...