Ұлттық банк басшысы жалақысын жариялаудан бас тартты

Ғалымжан Пірматов. Фото: www.kazatomprom.kz

Бүгін Ұлттық банктің басшысы Ғалымжан Пірматов ведомствода өткен брифингте жалақысы туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

БАҚ өкілдері Ғалымжан Пірматовтан ол қанша жалақы алатынын сұраған болатын.

«Менің түсінуімше, Ұлттық банктің басқарма мүшелерінің жалақысын президентпен келісе отырып, басқарма белгілейді және ол құпия ақпаратқа жатады. Сондықтан оны жариялауға құқығым жоқ», — деді Ғалымжан Пірматов.

Автор: Рамазан Есмағамбетов