Басты бет Экономика Ұлттық банк долларды сатып алу мен сату арасындағы айырмашылыққа шектеу енгізді

Ұлттық банк долларды сатып алу мен сату арасындағы айырмашылыққа шектеу енгізді

Ұлттық банк айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегін белгіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан банктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде валюталарды сатып алу және сату бағамының айырмашылығы тым көп, негізсіз маржа орнатылады. Осыған байланысты Ұлттық банк «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегін белгілеу туралы» қаулыны қабылдады.

Осы құжатта уәкілетті банктердің және ұйымдардың (банктік емес айырбастау пункттері) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегі бекітіліп отыр. Олар:

  • АҚШ доллары — 6 теңге;
  • Еуро — 7 теңге.

Валютаны сатып алу мен сату бағамының айырмашылығы осы шектерден ауытқымауы тиіс.

«Бұл шаралар елде төтенше жағдай режимінің қолданылу уақытында іске асады және ішкі валюта нарығына сыртқы факторлардың әсерін шектеуге, сондай-ақ, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған», — делінген ресми хабарламада.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы үшін байқау жарияланды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы бойынша «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды, деп хабарлайды MediaWorld.kz. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі волонтер жылын жүзеге...

Биыл Қазақстанда қыс қандай болады

Қараша айының бірінші жартысында республиканың солтүстік бөлігінде, шығысында және орталығында қысқы ауа райы болжанады, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. Қараша айында жауын-шашын (көбінесе қар),...

Өзі жүре алатын ескі техникаға 2 миллион теңгеге дейін береміз – ӨКМ Операторы

ӨКМ Операторы («Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері Операторы» ЖШС) істен шыққан ауыл шаруашылығы техникасын (өздігінен жүретін) қайта өңдеуге қабылдау бағдарламасын іске қосады. Агротехникаларды қабылдау осы жылдың...

Қырғызстанда Қытайға берешекті өтеу үшін ақша жинау туралы ұсыныс айтылды

Қырғызстанда мемлекеттің Қытайға қарызын өтеу үшін ақша жинау туралы ұсыныстар айтылды. Бұл туралы 19 қазанда Жогорку Кенеш депутаты, "Әйелдер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің басшысы Айнұр...

Коронавирус: Еліміздің қай аймақтарында карантин режимі күшейтілді

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирус инфекциясының таралуына байланысты тоғыз облыста, елордада және Алматыда карантин режимі күшейтілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Күз келе салысымен бүкіл әлемде COVID-19-қа...

«М.Тазабековтің мақсаты — Қазақстанды Ауғанстан мен Сирия секілді діни мемлекетке айналудыру»: қоғам белсендісі Тоқаевтың атына үндеу жасады

Мұхамеджан Тазабековтің еліміздің басты арнасына арнайы уақыт алып «Тәлім-тренд» бағдарлама ашып, уағыз жүргізуіне қарсылық білдіріп жатқандар саны азаяр емес. Тіптен «қауіптің алдын алмаса болмайды»...

«Баратын жері жоқ»: Маман балалары ішіп келіп, ойран салатын қарттарға орталық ашып беруді сұрап отыр

Ақтөбелік еріктілер жалғызсырап жүрген қарттарға "Даналық" орталығын ашуды сұрайды. Айтуларынша, 80-90 жастағы қариялардың маскүнем баласы мазасын алғанда баратын жері жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы. Карантин...