Лукашенко КГБ қызметкерлерін «Украинадағы арнайы операциясы» үшін марапаттады

Фото: president.gov.by

Беларусь президенті Александр Лукашенко мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне беларусьтық жүк көліктерін Украинадан қайтару бойынша жүргізген арнайы операциясы үшін мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Лукашенко 7 сәуірде КГБ қызметкерлері Украина аумағында қалып қойған ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерін елге қайтару үшін арнайы операция жүргізілгенін жариялаған еді. Ол операцияның егжей-тегжейін ашып айтпады, бірақ КГБ төрағасы Иван Тертельге қатысқандардың барлығын мемлекеттік наградаларға ұсынуды тапсырды.

Табиғат Нұрболат

Оқи отырыңыз: