Басты бет Қоғам Білім Мұғалімдер шипажайда тегін емделеді – жаңа заңның нормасы

Мұғалімдер шипажайда тегін емделеді – жаңа заңның нормасы

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова жаңа заңға енгізілген қолдау шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Негізі, бүгінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бар. Онда қолдаудың біраз шарасы көрсетілген. Сондықтан оның бәрі заңмен бекітудің қажеті жоқ. Бұл – бөлек бағдарлама. Ауылға баратын педагогтар ол қолдауға жиі жүгініп жатады. Мәселен, биыл бағдарламаға бірқатар өзгеріс енгізілді. Соған сәйкес, бір реттік көтерме жәрдемақының көлемі 70 АЕК-ке (185 570 теңге – Sputnik Қазақстан) көтерілді», — деді Каринова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, биылдан бастап «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша берілетін несиенің көлемі де өсіп, 1 500 айлық есептік көрсеткішке (3 976 500 – Sputnik Қазақстан) жеткен. Осы ақшаға баспана сатып алуға болады.

Ал жер қатынастары туралы заңнама бойынша мұғалімнің жер учаскесін алуға басымдық құқығы бар. Сондай-ақ, мәслихаттың шешімімен жергілікті бюджеттен коммуналдық төлемдер мен көмір-отынды сатып алуға мүмкіндік алады. Бұның бәрі болған. Бірақ «Педагог мәртебесі туралы» заңда тағы бір мәрте көрсетіліп, педагогтың кепілдіктері ретінде айқындалды.

«Ал заңға енгізілген жаңа нормаларға келетін болса, әкімдіктерге тағы бір құқық берілді. Мысалы, өте қажетті маман болса, оның баспананы жалдауға кететін шығындары мен коммуналдық төлемдерін өтеуге болады. Сосын санаторийлік-курорттық емге байланысты ақшасын толықтай немесе жартылай төлеп тұруға мүмкіндік беріледі. Бұрын ондай болмаған», — деп атап көрсетті Каринова.

Айта кетейік, «Педагог мәртебесі туралы» заңда жаңа норма былай көрсетілген: «Жергілікті атқарушы органдар педагогке тұрғын үйді жалдауға және коммуналдық қызметтерге өтемақы төлемдерін, санаторийлік-курорттық емделуге және демалуға жолдама алу үшін толық немесе ішінара төлемақы, сондай-ақ педагогті әлеуметтік қолдауға бағытталған өзге де жеңілдіктерді көздеуге құқылы».

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...