Басты бет Қоғам Мұғалімдердің жалақысы өседі: білім министрі тізімге кімдердің ілігетінін айтты

Мұғалімдердің жалақысы өседі: білім министрі тізімге кімдердің ілігетінін айтты

«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы аясында директорлар мен әдіскерлердің жалақысына қатысты мәселе шешіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, материалдық ынталандыру тетігі ретінде бірінші кезекте мұғалімдердің жалақысын төрт жылдың ішінде екі есеге арттыру жоспарланып отыр. Осы бастамаға директорлар мен әдіскерлер де ілігеді.

«Бүгінде директорлар, олардың орынбасарлары мен әдіскерлердің жалақысы төмен. Олар өздерінің біліктілігіне сай үстемақы алып жатқан жоқ. Сондықтан осы мәселені де заң жобасы аясында шешуді қарастырып отырмыз. Біріншіден, осы әріптестеріміз басқа да ұстаздар сияқты еңбекақысы екі есе көтерілетін тұлғалардың қатарына еніп отыр. Екіншіден, олар өз категориясына сәйкес тиісті үстемақы алады. Ол 30-50 процент шамасында болады», — деді Аймағамбетов мәжілістің пленарлық отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, заң жобасы аясында тағы бір маңызды мәселені шешу көзделген. Ол — колледж мұғалімдерінің категорияларына үстемақы төлеу. Бұдан бөлек, магистр атағы бар мамандар мектепке келсе, оларға 10 айлық есептік көрсеткіш (25 250 теңге — Sputnik Қазақстан) көлемінде қосымша ақы беру көзделген.

«Жалпы, осы нормаларды жүзеге асыру үшін бес жылға 5,3 триллион теңге берілетін болады», — деді  Аймағамбетов.

Айта кетейік, бүгін мәжіліс депутаттары «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Осы жобасы 19 баптан тұрады. Негізгі төрт бағыты:

  • Ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемені азайту;
  • Мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту;
  • Материалдық емес ынталандыру;
  • Материалдық ынталандыру.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...