Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы әлеуметтік желі бетінде әйелдерді шешіндіріп емдейтін молда туралы бейнежазбаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мүфтияттың айтуынша, бұл оқиға Қазақстанда болмаған.
«Құрметті оқырмандар!
Әлеуметтік желіде бір ер адамның әйелдің әуретті жерлерін ашып, денесіне жазбалар жазып, «емдеп» жатқаны жайлы бейнеролик тарады. Осыған байланысты төмендегіні мәлімдейміз:
Біріншіден, бұл оқиға Қазақстанда болмаған. «Емдеуші» мен «емделуші» шет тілінде сөйлесіп жатқаны анық байқалады.
Екіншіден, осы оқиғаны елімізде болған және «емдеушіні» «имам» деп түсініп жатқандар бар. Бұл оқиғаның біздің елге және біздің имамдарға қатысы жоқ екенін мәлімдейміз.
Үшіншіден, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дін қызметкерінің этикасына қатысты қабылдаған құжатына сәйкес, мұндай әрекетке жол берілмейді және қатаң тыйым салынады.
Шетелде орын алған осы жағдайға байланысты пікір білдерген кезде аса мұқият болуларыңызды сұраймыз.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы», — делінген мүфтияттың facebook желісіндегі парақшасында.
Құрметті оқырмандар!🌐 Әлеуметтік желіде бір ер адамның әйелдің әуретті жерлерін ашып, денесіне жазбалар жазып, «емдеп»…
Опубликовано Муфтият Вторник, 29 сентября 2020 г.
Оқи отырыңыз:
- «Халық қытай радиосын тыңдауға мәжбүр»: депутат 29 жылда шешілмеген мәселені көтерді
- Қазақстандықтар карантинге қарамастан 600 той мен ас берген
- Нұр-Сұлтанда бұрынғы әйелінен қашып жүрген ер адамға іздеу жарияланды