Мұхтар Тайжанның Ұлттық кеңестен не үшін шеттетілгені белгілі болды

212
Фото: Facebook

Қоғам белсендісі, экономист Мұхтар Тайжан өзінің ұлттық кеңестен не үшін шығарылғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, жер комиссиясы құрылмай жатқандықтан, кеңесте нақты атқаратын жұмыс болмаған. Ол бұл туралы facebook желісіндегі парақшасында хабарлаған.

«Ұлттық кеңестен ақыры шығарылдым. Жер комиссиясы әзірше құрылмай жатыр, яғни менде нақты жұмыс дәл қазір әзірше жоқ. Енді не істеуім керек, ал? Пайда болған бос уақытты босқа кетіртпей, сүйікті жұбайым Айгүлді ертіп алып, Чехиядағы Карловы Вары деген курортқа барып, денсаулығымызды күшейтуді жөн көрдім. Қазан айы осында пайдалы су ішіп, жаяу көп жүріп, демалып жатамыз, амандық болса. Әлбетте, сіздер қарсы болмасаңыздар», — деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Ұлттық кеңестен ақыры шығарылдым, Жер комиссия әзірше құрылмай жатыр, яғни менде нақты жұмыс дәл қазір әзірше жоқ. Енді…

Опубликовано Мұхтаром Тайжаном Понедельник, 5 октября 2020 г.

Оқи отырыңыз: