Басты бет Оқиға Мұнайлыдағы перинаталдық орталықта сәбидің мұрны түсіп қалды (видео)

Мұнайлыдағы перинаталдық орталықта сәбидің мұрны түсіп қалды (видео)

Емдеймін деп мұрынсыз қалдырды! Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы перинаталдық орталықта арнайы аппаратқа қосылған сәбидің мұрны бір түн ішінде шіріп түсіп қалды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

«Шала туылса да, бір айдай балам сап-сау болды» деген анасы жансақтау бөліміндегі аппаратқа қосылған соң осындай жағдайға жеткеніне сенімді.

Бақыт Бекназарова, сәбидің анасы:

— Медбикелерге бір күн бұрын айтқанмын: «қараңыз, мынау жара боп жатыр» деп. «Ештеңе болмайды» деп, екі медбике қарамады. Сол күні түнде болған жағдай бұл. Дәрігерлер, медбикелер кінәлі. Мен әділдік орнағанын қалаймын. Баламның өмірімен ойнады. Нәрестені қанша қинады…

Мұрынсыз қалған шақалақ төрт айдан бері жансақтау бөлімінде жатыр. Содан бері анасы облыс пен Елордаға шағымды қарша боратуда. Перинаталдық орталықты тексерген Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жасанды тыныс аппаратының мұрынды қажап, содан нәрестенің нәзік терісінде жара пайда болғанын және бірден мұрын некрозына ұшырағанын анықтаған. Бала жатқан бөлімшенің кезекші дәрігерлері мен медбикелеріне түгел сөгіс те беріпті. Аз уақытта екі рет ота жасатқан сәбидің анасы енді моральдық шығын ретінде орталықтан 10 миллион теңгеге талап етіп, сотқа берді. Ал перинаталдық орталық «бәленің бәрі нәрестенің анасы мен сирек кездесетін ауруда» деп ақталып отыр.

Алия Тасырова, Маңғыстау облыстық периниталдық орталығының бөлім меңгерушісі:

— Баланың анасы қауын мен газдалған сусын ішіп, сәбиін емізген. Содан ішек ауруы қозып, бала жансақтау бөліміне түсті. Ағзасы әлсіреген нәрестеде бет тіндерін бұзатын Нома деген сирек ауру пайда болған. Мұндай диагнозды Алматы мен Нұр-Сұлтаннан арнайы келген екі хирург та растап отыр. Әйтпесе, қанша баламыз апаратта жатыр ғой. Барлығы сап-сау.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қаза оразаны өтеу: 1700 теңгені кімдер береді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы қаза оразаны өтей алмаған жағдайда не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан...

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ – Қытай ғалымдары

Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан. Мамандар Ухань базарындағы...

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...