Мәжіліс сайлауы өтетін күнді кім және қалай белгілейді

45
Фото: pixabay.com

Елде парламенттік сайлауды өткізу күнін белгілеу туралы мәселе Қазақстан Конституциясында көрсетілген, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Конституцияның 49-бабының екінші тармағына сәйкес, парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезде аяқталады.

Мәжілістің бұған дейінгі сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында, ал бірінші сессия 2016 жылдың 25 наурызында өтті. Дәл осы күннен палатаның қазіргі құрамының өкілеттігі басталды.

Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі — бес жыл. Осылайша, мәжілістің қазіргі шақырылымының өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады.

Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы парламенттің соңғы шақырылымы өкілеттігінің мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірілмей өткізіледі. Яғни, 2021 жылдың 24 наурызында өкілеттігі аяқталатын парламенттің төменгі палатасына сайлау 2021 жылдың қаңтарына дейін өткізілуі тиіс.

«Қазақстандағы сайлау туралы» Конституциялық заң бойынша мәжілістің кезекті сайлауын Қазақстан президенті мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бес ай бұрын белгілейді.

Демек, мемлекет басшысы парламенттік сайлау күнін 2020 жылдың 24 қазанынан кешіктірмей белгілеуі тиіс.

Мәжіліс мерзімінен бұрын таратылған жағдайда, кезектен тыс сайлау палатаны тарату туралы жарлыққа қол қойылғаннан кейін екі ай ішінде өткізіледі.

Оқи отырыңыз: