Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан зардап шеккен барлық тұрғын баспанамен қамтамасыз етіліп, біржолғы өтемақы алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтамасыз етіледі. Олардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңге беріледі. Жағдай бақылауда», — деп атап өтті мемлекет басшысы.
Ол сондай-ақ су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалану мәселесі өзбек тарапымен тығыз байланыста шешілетінін хабарлады.
Қазақстанның оңтүстігіндегі су тасқыны
1 мамырда Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылды. Төтенше жағдай салдарынан 4 адам көз жұмып, біреуі із-түзсіз жоғалып кетті.
2 мамырда су Қазақстанға жетіп, Түркістан облысының көршілес Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді басып қалды.
Өңірде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. 31 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды.
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтамасыз етіледі. Олардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңге беріледі. Жағдай бақылауда.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) May 9, 2020
Оқи отырыңыз:
- Алматыда түнгі автожарыс ұйымдастырғандарға айыппұл салынды
- Сардоба су қоймасы апатынан зардап шеккендер қайырымдылық көмектің ұрланып жатқанын айтады
- Алматы әуежайы 415 миллион долларға сатылды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз