Маңғыстау облысында шаңды дауылға байланысты жол жабылды – видео

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Маңғыстау өңірінде шаңды дауыл соғып, жолдың көрінуі қиындауына байланысты жол учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылды. Атап айтқанда: «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 647-712 шақырымында көліктерге жүруге болмайды. Бұл Шетпе-Жетібай учаскесі», — делінген Қазавтожол хабарламасында.

Шектеу бүгін елорда уақытымен 13.30-дан бастап енгізілді.

Штаттан тыс жағдай туындаса, Қазавтожолдың тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай колл-орталығына хабарласуға болады. Байланыс нөмірі – 1403.