Бүгін Маңғыстау облысында бір үйдің екі баласы дәретхана үшін қазылған шұңқырдағы суға батып кетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қайғылы жағдай Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылында болған. Жеке тұрғын үйдің ауласында дәретхана үшін қазылған шұңқыр нөсер жаңбырдан соң суға толып кеткен. Ата-әжесінің үйіне келе жатқан 10 жасар ер бала және 14 жасар қыз бала байқаусызда әлгі шұңқырға құлап, шыға алмай қалған.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан балаларды қараусыз қалдырмауды және құдық немесе қазылған шұңқыр беттерін ашық қалдырмауды сұрайды.
Оқи отырыңыз:
- Жамбыл облысында мерекелерге орай мәдениет ошақтары пайдалануға берілді
- Асанәлі Әшімов 85 жасқа толды: президент актерді мерейтойымен құттықтады
- Қазақстанда 1 шілдеден бастап барлық ауыл тұрғыны медициналық тексерістен өтеді