«Махаббат та, сатқындық та болды»: Әсел Асқар күйеуіне әсерлі жазба арнады

Фото: Instagram/assel.askar

Танымал блогер Әсел Асқар желіде жолдасына сезімін білдіріп, аса әсерлі жазба жариялады. Өнер иесі бұл қарым-қатынасында махаббат та, сатқындық та болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Асқар күйеуі екеуі некеде бірталай қиындықтан өткенін айтты. Алайда арада болған түрлі жағдайларға қарамастан ерлі-зайыпты махаббаты үшін күресіп, отбасын сақтап қалған.

Блогер ару Instagram парақшасында отағасымен бірге түскен суреттерін бөлісіп, оған деген сезімін білдірді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Асель Аскар (@assel.askar)

«Екеуіміз қол ұстасып «отбасы» деп аталатын ұзақ жолмен жүріп келеміз. Арамызда барлығы болды: махаббат, сатқындық, қайғы, көз жасы, қуаныш, кешірім, қарсыласу, өрлеу, құлдырау, ақша тапшылығы, күту, иллюзия, алдау, әлсіздік, айқай, ұрыс-керіс. Бірақ біз ешқашан үнсіз қалмаймыз! Бірақ соған қарамастан, біз жүреміз. Біз қателесеміз, сүрінеміз, тұрамыз, өзімізді сілкіп аламыз, жүгіреміз. Бірақ біз ешқашан тоқтамаймыз! Мен сені осы қалпыңда жақсы көремін», — деді блогер.

Автор: Малика Хадид

Оқи отырыңыз: