Басты бет Экономика Қаржы Мал шаруашылығын дамыту жобаларына басымдық беріледі

Мал шаруашылығын дамыту жобаларына басымдық беріледі

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры («ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы) мал шаруашылығын дамыту жобаларына 30 млн теңгеге дейін несие беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды MediaWorld.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 31 наурыздағы мәлімдемесінде кәсіпкерлік секторды қолдауға бағытталған бірқатар міндеттер белгіленген. Соның ішінде Президент агроөнеркәсіптік кешенді үздіксіз қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті несиелеуді арттыру қажеттілігін ерекше атап өткен болатын.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры өзінің несие өнімдері арқылы ауылдықтарды мал шаруашылығын дамыту бағыттары бойынша қаржыландырып келеді. Қор биыл мал шаруашлығымен айналысамын деушілерге 30 млн теңгеге дейінгі сомада несие беруді жоспарлап отыр. Ірі қара, қой және түйе шаруашылығын дамытуға берілетін несиенің мерзімі 10 жылға дейін. Несиенің жылдық сыйақы мөлшері 16%, бірақ оның 10 процентін мемлекет субсидиялайды. Яғни, шаруа несиені 6 процентпен төлейді. Негізгі борышты өтеу бойынша екі жылға дейін, ал, сыйақыны өтеу бойынша бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі қарастырылған. Негізгі борыш пен сыйақыны ай сайын, тоқсан сайын немесе жарты жылда бір төлеп тұру мүмкіндігі де жасалған. Несие жеке кәсіпкерліктерге, шаруа қожалықтарына және фермерлік шаруашылықтарға бағытталған.

Мал шаруашылығын дамытуды жоспарлаған кәсіпкерге қойылатын бірқатар талап та бар. Ең алдымен әрине, ірі қара ұстайтын қорасы мен жайылымдық жері болуы қажет және төлін бордақылау алаңына тапсыру жөнінде келісімшарт жасасуы тиіс. Қазіргі уақытта шаруалардың барлығы қолда бар малын асылдандырып, сапасын арттыру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Қордан несие алған кәсіпкер де малын асылдандыруы тиіс. Өйткені, асыл тұқымды малдың ұтымды тұстары көп. Егер, бірден асыл тұқымды сиыр сатып алынатын болса 25% жеке меншік мүлікті және 75% сатып алынатын малды кепілге қою арқылы қаржыландыру мәселесі де қарастырылады.

Қой шаруашылығын дамытамын дегендердің де қора-жайы мен жайылымдық жері болуы тиіс. Тоқтыларын ет өңдейтін кәсіпорынға тапсыру келісімшартын жасасады.

Түйе шаруашылығы бойынша да түйе сүтін, жүнін қайта өңдеу кәсіпорнына тапсыру жөнінде келісім жасалуы керек.

Ең бастысы үміткердің несие тарихы жақсы болғаны абзал. Кепілге қоятын мүлкі болуы шарт. Бұдан бөлек, бюджеттік және қаржы ұйымдарының алдында мерзімі өткен берешегі болмауы тиіс.

Барлық облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында Қордың филиалдары жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз:

Фото: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғаны рас па?

Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғандығы туралы ақпарат тарады. Онда мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдағаны айтылған, деп...

Қазақстандықтардың моншаға аз баруына не себеп

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров қазақстандықтардың моншаға аз бара бастағанын айтты. Оның пікірінше, оған азық-түлік бағасымен қоса қызмет көрсетудің де қымбаттауы себеп, деп хабарлайды...

Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 2023 жылдың 3-5 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.   Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қатты аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша,...

“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы италиялық Янник Синнердің неміс спортшыаы Даниэль Альтмайермен “Ролан Гаррос” турнирі екінші айналымы аясында өткізген ойыны 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп...

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...