Басты бет Саясат Үкімет Мамин үш вице-министрді жазалауды тапсырды

Мамин үш вице-министрді жазалауды тапсырды

Асқар Мамин азық-түліктің қымбаттауына жол берген ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, сауда және интеграция вице-министрлерін тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Премьер-министрдің кеңсесі менің атыма үш күн ішінде азық-түліктің қымбаттауының алдын алу мәселесіне жауап беретін ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, сауда және интеграция вице-министрлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізсін», — деді Мамин үкімет отырысының соңында.

Вице-министрлермен қатар, Шымкент, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Көкшетау, Петропавл, Ақтөбе және Тараз әкімдерінің орынбасарлары тәртіптік жауапқа тартылмақ.

«Мүдделі мемлекеттік органдар қатарынан жұмыс тобын құрып, бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша қысқа мерзімге және орта мерзімге арналған нақты шаралар әзірленсін. Роман Васильевич, жұмысты басқаруды сізге тапсырамын», — деді премьер-министр.

Асқар Мамин президент үкімет пен әкімдіктер алдына әлеуметтік маңызды үлкен міндет қойып отырғанын атап өтті.

«Осы тапсырманы орындауға баса назар аударып, барлық қажетті шараны шұғыл түрде іске асыру қажет. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу керек. Мемлекеттік органдар мен әкімдерге жағдайды ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын», — деді ол.

Үкімет басшының айтуынша, өңірлер арасында ең жоғары баға өсімі Шымкент пен Қызылорда қалаларында байқалған. Бұл екі өңірде 19 тауардың жетеуі қымбаттаған.

Ал Түркістан, Алматы, Көкшетау, Петропавл, Ақтөбе және Таразда 19 тауардың бесеуінің бағасы өскен.

«Бұл әкімдіктер, ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, сауда және интеграция министрліктерінің жеткілікті жұмыс жүргізбей отырғанын көрсетеді», — деді Мамин.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...