Басты бет Қоғам Мамыр айының соңында елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңға жетуі мүмкін

Мамыр айының соңында елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңға жетуі мүмкін

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус инфекциясының таралуына байланысты алдағы айға арналған болжамымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Есмағамбетованың сөзінше, қазіргі уақытта эпидемияның таралу шыңын өткеріп жатырмыз.

Жалпы, бір апта ішінде инфекция жұқтыру өсімі 10 пайызға дейінгі көрсеткішке жеткен, ал өткен тәулікте 8 пайызды құраған.

Оның айтуынша, қазіргі міндет – өсімді 5 пайызға дейін, ал кейіннен 1 пайызға дейін түсіру.

Бас санитардың болжамынша, вирус таралуының өсімін, шыңын және төмендеуін наурыз, сәуір және мамыр айларында байқаймыз.

Осылайша, сәуірдің соңына дейін елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2700 дерегі тіркеледі деген болжам бар. Ал мамыр айының соңына қарай бұл көрсеткіш 4 мыңға дейін жетуі мүмкін.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау ведомствосының өкілі ауруханаларда 3 мың өкпені жасанды желдету аппараты бар екенін атап өтті.

Қажет болған жағдайда құрылғылар жұқпалы аурулар мен жансақтау бөлімдеріне қойылады. Тағы осындай 879 аппарат алу жоспарланған.

Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары инфекцияның таралу шыңына жеткенін, алайда басқа аймақтарда ол жағдай кештеу болатынын мәлімдеген еді.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...