Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды zakon.kz.
«Мен қызмет бабында қаза болған Абдықанов Дастанның анасымын. Дастан 26 жасында Елі мен Отаны алдында адал қызмет етіп жүріп, кісі қолынан қаза болды. Әлеуметтік желіден келінім Динара күйеуінің өліміне кінәлі Азат Азаматовтың суретін көргенде, оны бірден таныған. Себебі ол күйеуі жұмыста болған уақытта үнемі сөйлесіп отырған, оның кіммен бірге сменге түсетінін жақсы білген. «Қылмыскердің полицияда әлі де жұмыс істейтінін, желіде жалған ақпарат таралып жатқандығын, тек шындықты айтыңыздар» деп жазғанын растаймын. Әкесі тілшілерге келінімен сөйлеспей тұрып, өз ойымен келінім ешқандай жазба қалдырған жоқ деп сұқбат берген. Шындығында ол келінінің жазбасы туралы білмеген. Біздің бір-бірімізбен әңгімелесіп, желі қарап, сөз талқылауға жағдаймыз болған жоқ. Мен ұлымның абыройына нұқсан келмеуін және қылмыскердің әділ, заң талаптарына сай, қатаң жазалануын сұраймын. Бұл аса қайғылы істің ақ қарасын анықтап, қанышер қылмыскердің әділ жазасын алуын талап етемін. Мен ешкімге сенбеймін. Құрметті Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза, осы іс тікелей өз бақылауыңызда болып, қылмыскер әділ жазасын алады деп сенемін», делінген қайғы жұтқан ана жазбасында.
25 мамырда Алматы облысында 1992 жылғы мас жүргізуші блок-бекетте көлігімен ойран салды. Салдарынан екі полиция қызметкері оқиға орнында көз жұмды. Үшіншісі аурухананың жан сақтау бөліміне түскен, қазір ол палатаға ауыстырылды.
Мас жүргізушінің органда бұрын жұмыс істегені, бірақ өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жұмыстан шығарылғаны хабарланды. Алайда оның әкесі журналистерге берген сұхбатында өз ұлының апатқа дейін полицияда жұмыс істегенін айтты.
Марқұм полиция қызметкерлерінің бірінің әйелі де күдіктінің жұмыстағы адам екенін айтты, бірақ қайын атасы кейін бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.
Фото: Polisia.kz
Оқи отырыңыз:
- Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды
- Қаза оразаны өтеу: 1700 теңгені кімдер береді
- Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ – Қытай ғалымдары
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай—ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз