Маусым айында елімізде ауа райы қандай болады: Синоптиктер болжам ұсынды

Фото: pixabay.com

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2022 жылғы маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, маусым айының басында еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде күндіз +25+33°С, Маңғыстау облысының оңтүстігінде +38°С ыстық болады деп күтілуде.

Батысты қоспағанда, Қазақстанның көптеген облысында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ және қатты жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы батыспен салыстырғанда төмен — күндіз +15+23°С, шығыс пен оңтүстік-шығыста +20+28°С болады деп болжануда. Ал елдің солтүстік-батыс бөлігінде түнде ауа температурасы төмендеуі ықтимал.

Айдың бірінші онкүндігінің ортасына қарай республика аумағында күн райы қатты ыстық болуы мүмкін. Атап айтқанда, термометр бағандары +28+36°С дейін, Қазақстанның шеткі оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жекелеген күндері +40°С дейін көтеріледі деп күтілуде.

Бірінші онкүндіктің соңында және екінші онкүндіктің басында республиканың батысында, содан кейін елдің қалған аумағында ыстықтың беті қайтады деп болжануда.

Маусымның екінші және үшінші онкүндігінде екпінді жел, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен өткінші жаңбырды ыстық, тұрақты ауа райы алмастырады.

Ауа температурасының ауытқуы мүмкін:

  • Қазақстанның солтүстік жартысында түнде +15+22°С-тан +5+13°С-қа дейін, күндіз +28+36°С-тан +18+25°С-қа дейін;
  • елдің оңтүстік жартысында түнде +18+26°С-тан +10+16°С-қа дейін, күндіз +33+42°С-тан +25+30°С-қа дейін.

Автор: Нұрила Ермекбай

Оқи отырыңыз: