Басты бет Қоғам Денсаулық Медициналық бетперденің тапшылығына қатысты министр түсінік берді

Медициналық бетперденің тапшылығына қатысты министр түсінік берді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда медициналық бетперде тапшылығына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

— Ауа арқылы инфекцияны жұқтырмас үшін профилактикалық шара ретінде бетперде кию қажет. Бүгін бізде ондай қауіп жоқ, бірақ өкінішке қарай, ел жаппай бетперде сатып алуға жүгіріп, салдарынан тапшылық туындауда, — деді Біртанов.

Оның айтуынша, бетпердені отандық өндірушілер өндіреді, сондықтан Қазақстанда оны шығаруға барлық мүмкіндік бар.

— Бірақ қазір олар үлгере алмай жатыр, өйткені бір мезетте бір жылдық көлемдегі бетперде сатылып кеткен. Сондықтан басқа елдерден де оны сатып алу бойынша қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр, сұраныстағы мөлшер толықтай қамтамасыз етіледі. Егер 6 қаңтардан бастап бүгінге дейін біз Қытайдан келгендерге ғана санитарлық бақылауды күшейткен болсақ, онда біз бүгіннен бастап шекараның өзінде күшейтілген бақылау енгізіп, барлық халықаралық бағыттағы өткізу пункттеріндегі жолаушыларды ыстығы бар-жоғын тексеретін боламыз, — деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ, министр өз азаматтарын мәжбүрлі түрде әкетсін деген ұсыныстардың болмағанын да жеткізді. Сондықтан коронавирус инфекциясы тіркелген елдерде жүрген азаматтарымыздан сақтық шараларын қолдану сұралады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...