Басты бет Қоғам Шоу-бизнес Мейрамбаек Ернар Айдарға араша түсті

Мейрамбаек Ернар Айдарға араша түсті

Жуырда әнші Ернар Айдар ұтыс ойындарын өткізіп тұрған сәтінде құқық қорғау органдарымен тұтқындалған болатын. Оған елдегі төтенше жағдай кезінде карантин режимін бұзғаны үшін айып тағылған, деп хабарлайды newsroom.kz.

Сондай-ақ ойынды ұйымдастырушылар да ұсталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алайда бұл келеңсіз оқиғаға өз тарапынан танымал әнші Мейрамбек Беспаев ағалық жанашырлық танытты.

«Соңғы күндері халықтың талантты ұлдарының бірі, белгілі Ернар Айдардың маңайында болып жатқан жағдайдан хабардар шығарсыздар. Мен Ернармен хабарластым. Өзі сіздерге хабар берейін десе, телефоны бұғаттаулы, себебі алаяқтар құрықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондықтанда мен болған жағдайды жеткізгелі отырмын. Бұл жағымсыз жағдайда алданғандар қатарында Ернар бауырымыз да алаяқтардың құрбаны болып отыр», — деп мән-жайды түсіндірді әнші.

Сонымен қатар «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» екендігін айтып, ақкөңілдігімен алаяқтарға құрбан болған оны қатты сөкпеуін өтінген.

«Өздеріңіз білесіздер, әнші ұлдарыңыз алдарыңызда талай өнер көрсетіп, қайырымдылық шараларының бел ортасында жүрді. Осындай келеңсіз жағдайға тап болған Ернар ініме сабыр тілеп, барша ағайынға Ораза айында кешірімді болуын сұраймын», — деді ол.

Елдің сүйікті әншісі әріптестеріне жеңіл табыс табуына құмартпауын ескертті.

Оқи отырыңыз:

Фото: әлеуметтік желіден алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар министрлер мен әкімдерге қарсы петиция бере алмайды

Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар Қазақстандағы петиция институтын реттейтін заңды мақұлдап, қандай мәселелер бойынша петиция беруге болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бүгін сенаттың жалпы отырысында...

«Шекара» спектаклі туралы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық драма театрымен бірге ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшілерінің жауынгерлік қызметі туралы "Шекара" атты спектакль...

Жетісу облысында нәрестені ұрлап кеткен ер адам ұсталды

Жетісу облысында әйелімен ұрсысып қалған ер адам 8 айлық нәрестені тартып алып, жасырын жерде ұстап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.   Тәртіп бұзушы ұсталды. Ал...

Елімізде қандай салық түрі қысқарады: Қаржы министрінің жауабы

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгін мәжіліс кулуарында президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанда қандай салықтарды қысқарту жоспарланып жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Журналистер министрден елде қашан...

Қазақстанда шомылу маусымы аяқталды: 3 айда 200-ге тарта адам суға кетті

Елімізде 31 тамызда суға түсу маусымы аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жаз мезгілінде ведомствоның құтқарушылары судан 136 адамды құтқарды, оның 51-і –...

Джокович жаңа рекорд орнатты

Әлемдік рейтингте 2-орынла тұрған сербиялық теннисші Новак Джокович ерекше жетістікке жетті, деп хабарлайды BasSport.kz. Джокович 47-ші рет "Үлкен Дулыға" турнирінің жартылай финалына шықты. Осылайша ол карьерасын...

Маңғыстау облысында мектеп тапшылығы мәселесі шешілмей келеді

Маңғыстау облысы республикада туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр, деп жазады inbusiness.kz. Соның әсерінен жыл сайын бірінші сынып оқушыларының саны артып келеді. Жаңа мектептердің құрылысы...