Басты бет Саясат Президент Мемлекет басшысы азық-түлік бағасына қатысты тапсырма берді

Мемлекет басшысы азық-түлік бағасына қатысты тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттік шығындарды қайта қарап шығуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің бүгінгі отырысында президент әкімдер мен министрлерге бюджеттерді қайта қарап, конференциялар, дөңгелек үстелдер, салтанатты шаралардан, сондай-ақ,  консалтингтік және PR қызметтерден бас тартуға тапсырма берді.

«Ол қаржының бәрі эпидемияға қарсы нақты күрес шараларына жұмсалуы шарт», — деді Тоқаев. 

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы пандемия кезінде азық-түліктің қолжетімділігін және баға тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды. Халықты жұмыспен қамту мен цифрлық технологияларды дамыту жұмысы да назардан тыс қалмауы қажет.

«Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар кезең-кезеңімен және толыққанды орындалуы шарт. Осы сұрақтар әрбір әкімнің жіті бақылауында болуы қажет», — деп атап көрсетті Тоқаев.

Отырыста мемлекет басшысы мемлекеттік комиссияға екі күн ішінде наурыз-мамыр айларындағыдай қатаң карантин енгізуге қатысты ұсыныстар әзірлеп енгізуді тапсырды. Сонымен қатар, ол зертханалық зерттеулердің тиімділігін көтеруді, ПТР зертханалардың саны мен уақытын арттырып, реагенттер мен шығыс материалдарын үздіксіз жеткізу мәселесін шешуді тапсырды.

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...

Ақтөбеде сәбилер еңбектеп жарысты

Жеңімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталды, деп жазады inbusiness.kz. Балаларды қорғау күніне Ақтөбеде ерекше шара өтті. Кішкентай бөбектер еңбектеуден жарысты. Шараға қатысуға тілек білдіргендер көп болды. Ал...

«Әл-Иттихад» Бенземаға 100 млн еуро жалақы ұсынған

Саудиялық "Әл-Иттихад" мадридітк "Реал" шабуылшысы Карим Бенземаның ұсынысқа жауап беруін күтіп отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, саудиялық клуб Бенземаға жылына 100...

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалитденов Қазақстан бітімгерлерін Украинға жіберілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін мәжіліс ҰҚШҰ күштері мен құрылымдарына қатысты бірнеше заңды қабылдады....

Елімізде 43 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде

Жаздың алғашқы күндері Қазақстанда ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Кейбір өңірлерде 35 градустан жоғары аптап ыстық болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына...