Басты бет Қоғам Мемлекетті миллиардтап шығынға батырғандар (видео)

Мемлекетті миллиардтап шығынға батырғандар (видео)

ЛРТ-ға қатысты қылмыстық іс тергеліп бітті. Енді тараптар іспен танысып болған соң, ол сотқа жолданады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро жыр болған жеңіл рельсті көлік жобасына қатысты қылмыстық істің барысымен таныстырды. Әңгіме қолды болған 5 миллиард 700 миллион теңге жөнінде өрбіп жатыр. Жалпы саны 10-нан астам адам айыпталса, оның үшеуі шетелге тайып тұрған.

Қала әкімінің орынбасары болған Қанат Сұлтанбеков пен сол кезде Астана ЛРТ-ны басқарған Талғат Ардан және тағы бір мердігер компания басшысы Дәурен Әбдіхамитов үшеуі шетелге табан жалтыратқан. Оларды ұстауға Жемқорлықпен күрес агенттігі халықаралық іздеу жариялапты. Агенттік олардың қай жерде отырғанын да біледі.

Сергей Перов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент бастығы:

— Әкімдіктің сол кездегі басқармалары мен Астана ЛРТ-ның және мердігер компаниялардың басшылары күдікке ілінген. Ал шетелге қашып кеткендердің қай жерде екенін біліп отырмыз. Ұсталғаннан кейін толық ақпарын береміз.

Мемлекетті миллиардтап шығынға батыруға келгенде, мемлекеттік қызметкерлер бір-бірімен бәсекеге түскендей күдік туғызады. Жемқорлықпен күрес агенттігінің мәліметінше, былтыр 1700-ден астам жемқорлық дерегі тіркеліп, мыңнан астам қызметкер сотталған. Елдің ақшасын жеуде квазимемлекеттік сектор да қалыспайды. Сәті келгенде асап қалудан тайынбаған 160 қызметкер бүгінде жазасын тартып жатыр. Ал құқық қорғау органдарынан 163-ін соттап жіберген.

Алик Шпекбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы: 

— Мемлекетке келтірілген шығын 24 миллиард 600 миллион теңге. Оның 22 миллиард 700 миллион теңгесі қазынаға қайтарылды. Барлық жайтты ескере келе, квазимемлекеттік сектор мен құқық қорғау органдарын және сот жүйесін бөлек-бөлек қарайтын арнайы департаменттер құрдық.

Мемлекеттің жемқор қызметкері демекші, елорданың Байқоңыр ауданының бұрынғы әкімі Асқар Есіловке қатысты да жаңа деректер айтылды. Ол ауданды абаттандыру жұмыстарын атқарды деген жалған құжатқа қол қойыпты. Сол батылдығы үшін жеке компания өкілі пара ретінде айфонның соңғы нұсқасын сыйға тартқан екен. Алайда ол қулығы әшкере болып, қазір сотқа дейінгі тергеу шараларына белсене атсалысып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...