Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет адам саудасы фактісі бойынша «Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Олар облыстағы әлеуметтік мекемелердің бірінде мемлекет қамқорлығында болған әрекетке қабілетсіз азамат М.-ны Нұр-Сұлтан қаласындағы қарттарға арналған жеке пансионатта тегін жұмыс күші ретінде пайдалануға жіберді деген күдікке ілінді», — деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Күдіктілердің бірі сот санкциясымен үйқамаққа алынды.
Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтерді жарияламады.
Оқи отырыңыз:
- «Жан-дүнием сол қалпы»: 3 жасар қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаевтың өмірі қалай өзгерді
- Бала күтіміне және жүктілікке байланысты төлемдер өседі
- Нұр-Сұлтанда газға қосылу бағасы 100 мыңға дейін түседі – QazaqGaz