Басты бет Қоғам Мен көрген қиындықты ешкімнің басына салмасын – Түркістан әкімі

Мен көрген қиындықты ешкімнің басына салмасын – Түркістан әкімі

Түркістан әкімі Рашид Аюпов коронавирус инфекциясын жұқтырған соң бірнеше ішкі ағзасының зақымданғанын хабарлады. Бұл жайында қала әкімі Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

«Осы екі апта ішінде дұғада болған әр адамның арқасында, Алланың қалауымен ел қатарына қайта оралу мүмкіндігі бұйырып отыр. Тез арада асқынып кеткен аурудан қолынан келгенше қолдап, аман алып қалған дәрігерлерге алғысымды сөзбен жеткізу қиын. Бұл ауру, өкінішке қарай, салдарсыз өтпеді. Бірнеше ішкі ағза жұмысын тоқтатты, енді қайта қалпына келтіру қажет болып тұр. Әлі де ұзақ уақыт оңалу шараларын жасаймын»,- деп жазды қала әкімі.

Айтуынша, коронавирусқа тапсырған кейінгі тест әлі де инфекцияның ағзадан кете қоймағанын көрсеткен. Соған қарамастан қала әкімі қызметіне кіріспек.

«Елге қызмет етуге қайта ораламын. Әрине, барлық сақтық шарасын орындаймын. Дәл қазір жағдай ешкімге де оңай болып тұрған жоқ. Біртіндеп, бірігіп, жағдайды қайта жақсартып аламыз деп сенемін», — деп жазды Аюпов.

Сонымен қатар қала басшысы барлық сақтық шарасын орындау қажет екенін тағы да еске салды.

«Мен көрген қиындықты ешкімнің басына салмасын деп тілеймін. Ең маңыздысы – бетперде тағып жүру. Жасы үлкендерді барынша қорғап қалуға тырысайық», — деп толықтырды Аюпов.

Сондай-ақ, жағдайға байланысты көмек қолын созуға мүмкіндігі бар кәсіпкерлерден байланысқа шығуын сұрады.

«Еліміздегі жағдайды бәріміз көріп отырмыз. Жоққа шығаруға тырысудың, көз жұма қараудың еш мәнісі болмаған, қазір де жоқ. Қиын қыстау заманда елімізге бірігіп қол ұшын созайық»,- деді Аюпов.

Айта кетейік, 22 маусымда Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Одан бөлек Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, депутат Бекболат Тілеухан, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус жұқтырды.

8 шілдеде коронавирус табылған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жүрек жеткіліксіздігіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы кардиология орталығына жатқызылды.

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

«Мемлекет үшін халықтың несиесін жабу онша қиын шаруа емес» — қоғам белсендісі

Алматы қаласында өткен елдің несиесін кешіру туралы бейбіт шеруден кейін билік тарапы сәл жұмсарғандай рай таныта бастады. Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров қазақстандықтардың несиесін кешіру...

Оралда жемқорларға жиіркенішпен қарау акциясы өткізілді (видео)

Орал тұрғындарына жемқорды сабауға мүмкіндік берілді. Жұрт та қарап қалмай, парақорды таяқтың астына алып, кейбірі тіпті тұмсығын бұза жаздады, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Бұл өңірдегі...

Екі судья мен полицейге қатысты тергеу басталғаны хабарланды (видео)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі судьяға қатысты тергеудің басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, бір судья Алматы облысының Ұйғыр ауданында ұсталды....

«Ұлттық арнаны Тұрсынбек Қабатов билеп отыр» — журналист

Журналист Ербол Мәндібек өзінің Facebook әлеуметтік желісінде Ұлттық арнаның саясатын сынап тағы бір жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Ол жазбасында аталмыш арнаның рейтинг...

Денсаулық министрлігі пневмония жағдайының неге күрт өсіп шыға келгенін түсіндірді

Денсаулық сақтау министрлігі пневмония жағдайының неге күрт өскенін түсіндірді. Бұл бір мезетте 2 апта деректерінің базаға түсірілуімен байланысты болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz. Қазақстанда коронавирус...

Мәжіліс сайлауы өтетін күнді кім және қалай белгілейді

Елде парламенттік сайлауды өткізу күнін белгілеу туралы мәселе Қазақстан Конституциясында көрсетілген, деп жазады Sputnik Қазақстан. Конституцияның 49-бабының екінші тармағына сәйкес, парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы...

Нұр-Сұлтанда елдің шотындағы ақшаны білдіртпей ұрлайтын банк менеджері сотталды

Нұр-Сұлтанда банк менеджері клиенттердің есепшоттарынан үлкен соманы шешіп алған, деп хабарлайды zakon.kz. Полиция департаменті банк клиенттерінің есепшоттарынан ақшаның ұрлану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын...