Басты бет Әлем Месут Озил 219 баланың отасының ақшасын төлеп, қайырымдылық жасаған

Месут Озил 219 баланың отасының ақшасын төлеп, қайырымдылық жасаған

“Арсенал” командасының жартылай қорғаушысы Месут Озил келіншегі Амине Гульшемен бірге 219 баланың ота жасауына көмектесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы 31 жастағы футболшы өзінің Instagram әлеуметтік желісінде хабарлады.

Мұндай шешімді футболшы жұбайымен бірге қабылдаған. Олар әлемдегі отаға зәру мың балаға көмектеспек.

«219 балаға ота жасалды. Бірақ, алда әлі атқарылар істер көп. Жұбайым екеуміз шілде айында өткен тойымызда әлемдегі отаға зәру мың баланың шығынына ақша бөлеміз деп келіскенбіз.

Қайырымдылық жасаудан шет қалмай ақшаларын аямаған тойдағы қонақтар, жанкүйерлер, бұл жобаға материалдық көмек берген барлық адамдарға және ота жасаған дәрігерлер тобына алғысымды білдіремін. Бұл әлі бастамасы, 2020 жылы да осындай мұқтаж балақайларға көмек қолын созамыз”, — деп жазған  Месут Озил.

Айта кетсек, бұға дейін әйгілі футболшы Месут Озил Қытайдағы ұйғырларды қорғап, әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірген еді.

Осыдан соң қытайлық CCTV телеарнасы «Арсенал» мен «Манчестер Сити» арасындағы матчты экраннан алып тастады.

Сонымен қатар Түркия халқы Озилдің пікірінен кейін Шығыс Түркістандағы мұсылмандарға қолдау көрсету үшін наразылық акциялары өткізді.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

СҚО-да жас босанған келіншек нәрестесін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

Солтүстік Қазақстан облысында 28 жастағы әйел өзінің жаңа туған нәрестесін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді. Дүниеге келгеніне бірнеше күн болған шақалақтың денесі өз үйінің...

Коронавирустың құрбандары күн санап артып келеді, — Ж.Бекшин

Коронавирустың құрбандары күн санап артып келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше ажал құшқандардың саны 2800-ге таяған, деп хабарлады «Астана» телеарнасы. Фото pixabay.com сатынан алынды Ресми атауы...

Қордай ауданының тұрғындарынан бір килограмм героин табылды (видео)

Қордай ауданының екі тұрғынынан бір килограмнан астам героин табылды. Ер адамдар уақытша ұстау абақтысына қамалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Фото pixabay.com сатынан алынды https://youtu.be/ke8lkjNuAec Есірткі қылмысына қарсы...

Депутаттар белгісіз заттан уланған баланы еске алды

Мәжіліс депутаттары тұрғын үйлерде құрт-құмырсқа мен тышқандардың көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Осы жәндіктерге қарсы қолданылатын химиялық препараттардан адам өлімі жиілеп кеткен, деп хабарлайды Sputnik...

Ағаділдің өлімі: прокуратура сараптама барысы жайлы айтты

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы Дулат Ағаділдің өліміне қатысты дерек жариялады, деп жазды Sputnik Қазақстан. Фото pixabay.com сатынан алынды "25 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті Ағаділ өліміне...

Ломбардтарды жарнамалаған әртістер мен блогерлер заң алдында жауап береді

Даулы ломбардтардың қызметін жарнамалаған Қазақстандағы танымал тұлғалардан полиция жауап алады. Бұл туралы мәжіліс кулуарында Қазақстан ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді,...

Жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін қылмыстық жаза енгізіледі

Қазақстанда жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін қылмыстық жаза енгізу жоспарланып отыр. Парламент мәжілісі тиісті заң жобасын әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Фото pixabay.com сатынан алынды Мәжілістің...