Басты бет Экономика Қаржы "Миллион доллар жинады": Қазақстандықтар қаржы пирамидасына қыруар ақша құйған

«Миллион доллар жинады»: Қазақстандықтар қаржы пирамидасына қыруар ақша құйған

Алмат есімді Ақтөбе тұрғыны өз қаржысын аса табысты болып көрінген криптовалюта бағытына құюға бекінген. Ер адам жақсы табысқа кенелу үшін 20 мың доллардан аса қаражатын салған. Алайда, бүгінгі күні ол үлеспайда көрмек түгіл, өзі құйған ақшасын қайтара алмай жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматтың сөзінше, криптавалютаға өз қаржысын құю туралы оған танысы айтқан. Әйел адам жақсы табыс көзі жайлы егжейлі-тегжейлі түсіндіріп берген. Ол өз қаржысынан түскен үлеспайдасын алып, оны қайтадан криптавалютаға құйғанын жеткізді.

Ақтөбелік жігіт ақшаны құю үрдісінің барлық шарттарын біліп алды. Оларға сәйкес, брокерлер азаматтардың ақшасын қолданып, криптовалютаға құяды. Ал төрт айдан кейін салғанын ғана емес, ай сайын 30% мөлшердегі үлеспайда алып отырады.

«Менің мәліметтеріме қарағанда, бірнеше мың адам зардап шекті. Біз әлеуметтік желілерде ақшасын қайтара алмағандар арнайы чат ашып алдық. Telegram желісінің өзінде санымыз мыңнан асады. Біз брокер жинап алған қаржының сомасы 37 млн доллар деп ойлаймыз.

Брокердің өзі қазіргі таңда Әбу-Дәби қаласында. Бұл туралы оның өзі айтты. Тіпті, арнайы видео жіберді. Ол ақшамызды қайтарып беретінін айтып, үнемі хабарламалар мен аудиожазбалар жіберіп тұрады. Ол түсініксіз жағдай мен алаяқтардың құрбаны болғанын айтады. Кейде криптовалютаның бағасы түсіп кетті дейді. Ал кейбір кездері бізге ақшамызды қайтармайтынын айтып, айқайлап боғауыз сөздерді жаудырады. Біз Талғарда оның анасы мен балалары тұратынын біліп алдық. Бірақ ол қайтып келе алмайды», — деді Алмат.

Жас жігіттің сөзінше, табысқа кенелетініне сеніп қалған адамдар енді тіптен үлеспайдаларын күтіп отырған жоқ. Олар бар болғаны өз ақшасын қайтаруды ойлап жүр. Зардап шеккен әйелдердің бірі баласының еміне қажет қаржыны көбейтіп алмақ болып, ақшаны криптовалютаға құйып жіберген. Бүгінде ол перзентін қандай қаржысына емдерін білмейді.

Ақтөбе облысының полиция департаментінде 2019 жылдың 15 қазанында №1 Астана ауданының қалалық полиция бөлімімен А. және басқа да тұрғындардың арызы бойынша Қылмыстық кодекстің 217 бабы, үшінші бөлімі (қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып кетті. Қажетті тергеу шаралары іске асырылуда. Олардың нәтижелеріне сәйкес, процессуалды шешім қабылданатын болады. Бұл туралы Қылмыстық-процессуалды кодекс бойынша үрдіске қатысушылардың барлығына ескертіледі» , — деді облыстық ПД.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

Қаза оразаны өтеу: 1700 теңгені кімдер береді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы қаза оразаны өтей алмаған жағдайда не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан...

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ – Қытай ғалымдары

Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан. Мамандар Ухань базарындағы...

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...