Енді қазақстандықтар ірі сауда орталықтарына тек маскамен ғана кіре алады. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министр төтенше жағдай режиміне байланысты сауда орындарына қойылатын талаптарға тоқталды.
«Ірі сауда нысандары өз аумағына бетперде киген адамдарды ғана кіргізуі тиіс. Егер келген адамда маска болмаса, сауда орны өздері ұсынып, коронавирустың алдын алу туралы жадынама таратуы керек. Сонымен қатар, барлық кіріп-шығатын есікке тепловизор орнатуға міндетті», — деді Сұлтанов астанада өткен брифингте.
Бұдан бөлек, министр маңызды талаптың бірі ұзын-сонар кезекке жол бермеу екенін атап өтті. Егер адамдар жиналып қалса, олар бір-бірінен кемінде бір метр алыс тұруы керек.
Ол ірі сауда орталықтары мен базарлардың жұмысына шектеу енгізілгенін еске салды.
Енді ірі сауда нысандары мен азық түлік базарлары таңғы оннан кешкі алтыға дейін істейді. Бұл ретте айта кетсек, ірі сауда орталықтарына аумағы екі мың шаршы метрден асатын нысандар жатады.
Ал киім кешек, басқа да тауарлар сататын базарлар таңғы он бірден кешкі жетіге дейін ашық болады.
Сонымен қатар, Сұлтанов қоғамдық тамақтану орындарына «онлайн жеткізуге» көшуді ұсынды.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда оныншы адам коронавирус жұқтырды
- Үйден жұмыс істейтін қазақстандықтардың жалақысы өзгере ме – министр жауабы
- «ҚазМұнайГаз» қызметкерлері коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінді
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай—ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз