Басты бет Саясат Үкімет Министр коронавирусқа байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады

Министр коронавирусқа байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтардан ауру белгілері байқалса, бірден дәрігерге қаралуды өтінді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Достар, коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты дене қызуы, жөтел және тыныс алудың қиындауы секілді белгілер пайда болса, тұрғылықты мекенжай бойынша өз дәрігеріңізге хабарласуды немесе 103 нөмірі арқылы жедел жәрдем шақыруды сұраймыз. Коронавирус жайлы қосымша ақпаратты нақтылау үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 нөміріне – біздің мамандарға қоңырау шалуға болады», — деп жазды министр.

Біртанов Қытаймен мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейгенін атап өтті. Осы жылдың 6 қаңтарынан бері барлығы 20 мыңнан астам адам қаралған.

«Барлық халықаралық өткізу пунктінде тепловизорлар орнатылды. Олар стационарлық, әдетте жолаушыларға байқалмайды. Бірақ әрбір өткен адам сканерленеді. Яғни, егер жолаушының температурасы нормадан жоғары болса, экранда автоматты түрде қызыл белгі шығып, сигнал береді. Маман жолаушыны оқшаулау үшін ақпаратты шекарашыларға жібереді. Одан кейін медициналық кабинеттердегі қызметкерлер жолаушыны тексереді», — деп түсіндірді Біртанов.

Айтуынша, қазір елімізде дене қызуы және өткір респираторлық вирусты инфекция белгілерімен 78 адам арнайы боксқа жатқызылған. Оның 32-і үйіне жіберілді, 46 адам – стационарларда медициналық бақылауда.

«Дәл қазіргі уақытта тіркелген жағдайлардың 99%-і – бұл өткір респираторлық вирусты инфекция, анализ нәтижелерінен кейін белгілі болып отыр», — деп жазды министр.

Бетперде жеткілікті

Денсаулық сақтау министрі елде бетперде жеткілікті екеніне сендірді.

«Медициналық мекемелер толығымен қамтылған. Біздің бастамамызбен ведомствоаралық штабта жергілікті жерлердегі дәріханаларды бақылау қажеттігі туралы мәселе көтерілді. Біз облыс пен қала әкімдерінен жергілікті бизнесмендерді қосымша бетперде шығаруға және импорттауға шақыруды сұрадық», — деді Біртанов.

Қытайдағы коронавирус

2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухань қаласында белгісіз пневмонияның таралып жатқаны туралы хабарлады. Сарапшылар аурудың қоздырғышын анықтады – ол 2019-nCoV коронавирусы.

Қаңтардың соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы жаңа коронавирус індетін халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялады.

Соңғы деректер бойынша, Қытайда жаңа коронавирустан 304 адам көз жұмды, жұқтырғандар саны 14 380 адамға жетті, 328-і емделіп шықты.

Қазақстанда коронавирус ауруы тіркелген жоқ.

Ел билігі Қытаймен әуе, теміржол және автобус қатынасын тоқтатты.

Соңғы мәлімет бойынша, Қытай аумағынан сырт коронавирустан қайтыс болудың алғашқы дерегі тіркелді. Филиппин билігі мұны растап отыр. 44 жастағы филиппиндік Ухань қаласынан келген екен.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...