Басты бет Қоғам Ғаламтор Министр неліктен телефонына ұлттық қауіпсіздік сертификатын орнатпағанын айтты

Министр неліктен телефонына ұлттық қауіпсіздік сертификатын орнатпағанын айтты

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев гаджеттерге ұлттық қауіпсздік сертификатын орнатудағы басты мақсат – балалардың қауіпсізідгі екенін айтты, деп хабарлайды Neonomad.kz Nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ұлттық қауіпсіздік сертификатын телефонға қондыру – ол балаларымыз бен жақындарымызды экстремистік террористік сипаттағы тыйым салынған ақпараттардан қорғау деген ой білдірді министр.

«Мен сізге сұрақ қояйыншы. Қалай ойлайсыз, балаларға интернеттен экстремисттік, террористік сипаттағы материалдар мен порнографияны қараған пайдалы ма? Қауіпсіздік сертификаты осы мәлелелерді шешуге мүмкіндік береді», – деді ол.

Оның сөзінше, сертификат телефондағы жеке мағлұматтарды хакерлерден қорғайды. Бірақ сертификатты қондырмауға да болады, яғни еркіңіз бар.

«Мұның ерікті түрде жасалатынын жақсы білесіз. Балаларың мен жақындарыңның қажетсіз ақпаратты көрегенін қаладың ба, орнатасың. Ал қаламасаң, енді…», – деді ол.

«Сертификатты жүктеп алуға ұсынылатын сайттың жеке тұлғаға тіркелгені» жөнінде сұраған журналистерге министр бұл жағдайға қатысты оның ешқандай мәліметі жоқ екенін айтып, сайттың иесіне өтініш жасауды ұсынды.

«Өтініш, сіз жүгініңізші…Ол жерде мемлекеттік-техникалық қызмет бар емес пе, соларға жүгініңіз, олар сізге түсініктеме береді», – деді Жұмағалиев.

Оның айтуынша, ол өзінің ұялы операторынан тиісті СМС алмаған. Бірақ хабар келгенде, бәрін бірден орнататынына сендірді.

Соңғы жаңалықтар

Сарыағаш ауданының тұрғыны оқушы ұлының зорланғандығын дәлелдей алмай жүр (видео)

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны оқушы ұлының зорланғандығын дәлелдей алмай жүр, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:  - Жасөспірім зорлыққа ұшырады деген оқиға Жылға ауылындағы...

Мұнайлыдағы перинаталдық орталықта сәбидің мұрны түсіп қалды (видео)

Емдеймін деп мұрынсыз қалдырды! Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы перинаталдық орталықта арнайы аппаратқа қосылған сәбидің мұрны бір түн ішінде шіріп түсіп қалды, деп хабарлайды КТК...

Назарбаев «Самұрық-Қазына» туралы: мұның бәрі Қазақстан халқына тиесілі

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры Қазақстан халқына тиесілі екенін азаматтар түсінуі керек. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш президенті қорды басқару жөніндегі кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды...

«Біздің облыстың патриоты емессіздер»: Бақауов сұраққа нақты жауап бермеді

Павлодар облысының әкімі үшін ең күрделі рейтинг – президент әкімшілігінің беретін бағасы. Бұл туралы Болат Бақауов Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Sputnik...

Ақтөбе облысында бір үйір киік суға батып кетті

Жайылымда жүрген жануарлар Ырғыз ауданының аумағындағы Телғара өзенінің үстінен өткен, деп хабарлайды «Хабар 24». Алайда мұз ойылып, 33 бас су түбіне кетіпті. Қорықшылардың айтуынша, батып...

«Ауыл тұрғындары қиналып жүр»: Тоқаев Көкшетауда үлкен жиын өткізіп жатыр

Ақмола облысында ауыл тұрғындары мал жаятын жер таппай қиналып жүр, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев облысты дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. "Облыстағы...

Kaspi арқылы ақша аудару: қаржы министрлігі шешім қабылдады

Қаржы министрлігі қазақстандықтардың ақша аударымдарын тексеруді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы бүгін бірінші вице-премьер – қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қаржы...