Басты бет Қоғам Министр Тұрғымбаев карантиннен қашқандар туралы айтып берді

Министр Тұрғымбаев карантиннен қашқандар туралы айтып берді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев карантиннен қашу оқиғаларының болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде құқық қорғау органдары күшейтілген режимге көшірілді. Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынды. Карантиндік нысандар тәулік бойы күзетіледі. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерімен бірге коронавирусы бар елдерден келген адамдарды карантинге жатқызу шаралары атқарылады.

«Полиция коронавирусы бар кісімен бір жерде болған адамдарды медициналық тексеріске жеткізіп отырады. Өкінішке қарай, карантиннен қашып кету жағдайлары болған. Кіммен байланыста болғанын айтудан бас тартқан коронавирус жұқтырған кейбір азаматтар да кездеседі. Оларға қатысты заң бойынша тиісті шаралар қолға алынды», — деді Тұрғымбаев халыққа арнаған үндеуінде.

Айта кетейік, Қазақстанда карантин талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Ал коронавирусы бар адам ауруды әдейі біреуге жұқтырса, қылмыстық жазаға тартылады.

Денсаулық министрі Елжан Біртанов үй карантинін бұзғаны үшін айыппұл қарастырылғанын айтқан болатын. Оның көлемі – 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни 13 мың теңгеден астам. Құқық қорғаушыларға қарсылық көрсетілсе, әкімшілік жауапкершілік, қамау шарасы да бар. Ал адам науқас болып, басқа біреуге жұқтырса, қылмыстық іс қозғалады.

Оқи отырыңыз:

Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды — толық тізім

2020 жылы 13 мамырда өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздары...

Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі жекеменшік компанияның басқаруына берілді

Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі 49 жылға жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануына берілді, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР ИДМ "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ...

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды. "2020 жылғы 1...

Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz. - Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет...

Автокөліктің терезесінен басын шығарған баланың ата-анасына айыппұл салынды (видео)

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың жолда автокөліктің терезесінен басын шығарып отырған видеолары таралған еді. Ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. Кәмелетке толмағандардың жүріп келе жатқан...

Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді

Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын...

Білім және ғылым министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Биыл 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді. 3...