Басты бет Экономика Қаржы Министрлік 75 мың теңге төленетіні туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Министрлік 75 мың теңге төленетіні туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Интернетте карантин кезінде азаматтарға 75 мың теңге төленеді деген хабарлама тарап жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Белгісіз біреулер әлеуметтік желіде қазақстандықтарға 75 мың теңге әлеуметтік төлем беріледі деген ақпарат таратқан.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұны жоққа шығарды.

«Әлеуметтік желілерде Қазақстанда жаңа шектеу шараларының енгізілуіне байланысты әлеуметтік жәрдемақы қайта төлене бастайтыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұрын айтылғандай, 42 500 теңге төтенше жағдай жарияланғанына байланысты төленген болатын. Ал қазіргі жағдайда шектеу шаралары тек күшейтіліп отыр. Осыған байланысты төлемді жүзеге асыруға заңнамалық негіз жоқ», — делінген ведомствоның хабарламасында.

Министрлік азаматтардан жалған ақпараттарға сенбеуді, тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуді сұрады.

Қазақстанда карантин күшейтілді

Вирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты бесінші шілдеден республикада жаңа карантин жарияланды. Күшейтілген карантин екі аптаға созылады, одан кейін ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін.

Қоғамдық көліктің жұмысы шектелді, елордада, тіпті, екі апта бойы жүрмейді. Бірқатар нысан уақытша жабылды.

Өңірлер арасында қалааралық автобустар тоқтады.

Шығыс Қазақстан облысында Өскемен мен Семей қалалары жабылды. Бұған дейін Байқоңыр қаласы жабылған болатын.

Десе де, елде ішкі және халықаралық әуе қатынасы сақталған, пойыздар тоқтамағанымен, бірқатар шектеу бар. Өңірлер арасында жеке автокөлікпен жүруге рұқсат етіліп отыр.

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Мәдениет және спорт министрі Шавкат Рахмоновқа қандай уәде берді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады. Бұл туралы министр Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. "Қазақстан...

Үкімет Ұлттық қорға қайта «қол салмақ»

Соңғы сегіз жылда ондағы активтер 16 млрд долларға қысқарған, деп жазады inbusiness.kz. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев кейбір базалық инфрақұрылымдық және басқа да стратегиялық шығыстарды Ұлттық...

Өзбекстанда өткен Азия чемпионатының соңғы күні ел қоржынына екі медаль түсті

Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте 17 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында семсерлесу мен қылыштасудан Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық додасының соңғы күні Ұлттық құрама қоржынына...

Заңға алғаш рет “қатыгез әрекеттер” түсінігі енді

Енді қатыгез әрекеттер заңмен қудаланады. Аталған өзгерістерді бүгін Сенат депутаттары бір ауыздан мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Түзетулер Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілді. Бүгін...

Биыл полицияға хабар-ошарсыз кеткендер туралы 1600-ге жуық хабарлама келіп түскен

Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қуаныш Ибрашев айтты, деп жазады inbusiness.kz. "Жоғалып кеткен адамдарды іздестіруге қатысты...

Әйгілі Флойд Мейвезермен жұдырықтасқан қазақ боксшысы қайда жүр

1996 жылғы Атланта Олимпиадасында бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Бақтияр Төлегенов пен америкалық Флойд Мейвезер жұдырықтасты. Кейін әлемге даңқы тараған Мейвезерге қарсы қазақ боксшысы айтарлықтай...

Атырау қаласында жасөспірім көпқабатты үйлердің бірінен құлап мерт болды

Атырау қаласында 16 жастағы жасөспірім биіктен құлап көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "2 наурызда сағат 23:30 шамасында...