Министрлік бетпердеге қатысты ұсыныс жайлы: айыппұлды азайту талқыланып жатқан жоқ

28
Фото: pixabay.com

Мемлекеттік органдар бетперде тақпайтындарға салынатын айыппұл мөлшерін азайтуды талқылап жатқан жоқ. Мұндай ақпаратты Әділет министрлігі таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабында көзделген маска кию режимін бұзғаны үшін қолданыстағы айыппұл санкциялары өз күшінде, мемлекеттік органдар оның мөлшерін азайтуды талқылап жатқан жоқ», — делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов бетпердені тақпағаны үшін айыппұлдың көлемін 30 есеге азайту бастамасының қаралып жатқанын мәлімдеді.

«Мемлекеттік органдар қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын қарастыруда және жеке тұлғалар үшін бетперде кию режимін бұзғаны үшін айыппұлды 30-АЕК-тен 1 АЕК-ке (2 778 теңге) дейін төмендету ұсынылады. Біз бұл жұмысқа белсенді қатысудамыз», — деп жазды Жүрсінов.

Жүрсіновтің ақпаратына сәйкес, айыппұл мөлшері 83 мың теңгеден 2 778 теңгеге дейін азаюы мүмкін еді.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз