Қазақстанда күн сайын қазір 1 миллионнан астам бетперде тігіледі. Ал қоймаларда 158 мың литр дезинфекциялық сұйықтық бар. Бұл туралы бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Бүгінгі күні бізде күн сайын бір миллионнан астам бетперде тігіледі. Оның 325 мыңын фармацевтикалық кәсіпорындар, ал 680 мыңын тігін кәсіпорындары шығарады», — деді Өскенбаев онлайн брифингте.
Медициналық маскалар «СК-Фармация» арқылы таратылса, тігін кәсіпорындарының бетперделерін жергілікті әкімдіктер бөледі.
Өскенбаев дезинфекциялық сұйықтыққа да тоқталды.
«Бізде күн сайын 85 мың литрден астам сұйықтық өндіріледі. Қазір қоймаларда 158 мың литр бар. Ал дәріхана желілеріне, көшелер мен үй жайларды дезинфекциялауға 65 мың литр тиелген. Біз қанша керек болса, сонша шығаруға дайынбыз. Сол себепті халық ол бітіп қала ма деп уайымдамасын», — деді ол.
Ол жасанды тыныс алдырту аппараттарына қатысты да көп сұрақ қойылатынын айтты.
«Көкшетауда «Тыныс» компаниясы жұмыс істейді. Денсаулық сақтау министрлігінің сұратуымен олар жеті жүзге жуық аппарат жасап шығаруды бастады. Қажет болса осы жұмысты да күшейтуге дайынбыз», — деді Өскенбаев.
«Көкшетау-4п» аппараты – жедел жәрдем машиналарында, тікелей оқиға болған жерде және дала жағдайларында, сондай-ақ хирургия, реанимация клиникалық бөлімшелерінде, қарқынды терапия палаталарында өкпені оттекті-ауа қоспасымен жасанды желдету және оттегі ингаляциясын жүргізуге арналған ықшам, шусыз, автономды аппарат.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда карантиндік типтегі үш медициналық кешен салынады
- Сауд Арабиясы мұсылман елдерін қажылыққа жоспар құрмауға шақырды
- Covid-19-дан қайтыс болғандар қалай жерленеді
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай—ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз