Қазақстанда қылмыстық заңнаманы жетілдіру аясында көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жаза күшейтіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, бүгінгі жаза сау жүргізушіге де, мас жүргізушіге де бірдей. Келесі жылдан бастап осы норма өзгереді.
«Мәселен, қазіргі жол жүру ережелері бойынша мас күйінде ұсталған жүргізушіні көлік жүргізу құқығынан екі жылға айырып, 40 күнге дейін қамауға алса, жаңа норма бойынша ондай адамдар бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Оған қоса, он жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айыру қарастырылған», — деді Ахметжанов астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Ал көлік жүргізушісі мас күйінде біреуді мерт қылса, 7-10 жылға түрмеге қамалады. Ондай адамдар өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылады.
«Сосын, көлік жүргізу құқығынан айырылған адам рөлде мас күйінде ұсталса, өмір бойына көлік құжатынан айырылады. Бұдан бөлек, мас күйінде ұсталған жүргізушіні 30 күнге дейін қамауға алуға рұқсат беріледі», — деп атап көрсетті Марат Ахметжанов.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қол қойған болатын.
Оқи отырыңыз:
- Көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы төленеді – Тоқаев заңға қол қойды
- «Bek Air» әуе компаниясының құрылтайшыларына қатысты ақпарат елді елең еткізді
- Алматы түбіндегі әуе апаты: бір отбасының төрт баласы зардап шекті