Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы ұшақ билеттерінің бағасы бекітілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Аталған ақпарат ведомствоның ресми Telegram арнасында пайда болды. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап күніне 4 рейс жиілігімен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасында әуе рейстерін ашу туралы шешім қабылдады. Сұраныс жоғары бағыт бойынша ұшудың басталуы саланы қалпына келтірудің алғашқы қадамы болады. Әуе рейстері ҚР ДСМ Көліктегі Бас санитарлық дәрігер белгілеген санитарлық қауіпсіздік шараларының күшейтілген жағдайында орындалады. Қазақстан әуе компаниялары күрделі жағдайды түсіне отырып, билет бағасын сатып алу күні мен уақытына байланысты 7-ден 30 мың теңгеге дейінгі аралықта белгіледі. Алдағы уақытта, жағдай жақсарған кезде ішкі рейстер санын және әуе кемелерінің сыйымдылығын арттыру мәселесі қарастырылады», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, күні кеше мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының арасындағы әуе рейстері ашылатынын хабарлады.
Оқи отырыңыз:
- «Науқастардың 90 пайызы коронавирус анықталғандармен байланыста болған» – Бекшин
- Асылып өлген адамнан мәйітханада коронавирус анықталды
- 42 500 теңге: министрлік әлеуметтік төлем алғандар саны көп үш өңірді атады
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз