Конгресс-Холлдың бұрынғы директоры 1,8 миллиард теңгені жымқырды деп айыпталуда. Бұл туралы бүгін қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Еліманов онлайн-брифинг барысында айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Елімановтың айтуынша, Сәкен Әбдірахманов ел астанасында Мемлекеттік академиялық филармонияның, бұрынғы Конгресс-Холлдың директоры болып тұрған кезінде 1,8 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. Еліманов қазіргі уақытта іс сотта қаралып жатқанын айтты.
«Тергеу мәліметтері бойынша, ол өзінің қарамағындағылардың арасынан қылмыстық топ құрған, олар 1,8 миллиардтан астам теңгені жымқырған», – деді Еліманов.
Оқи отырыңыз:
- «Мемлекет үшін халықтың несиесін жабу онша қиын шаруа емес» — қоғам белсендісі
- Оралда жемқорларға жиіркенішпен қарау акциясы өткізілді (видео)
- Екі судья мен полицейге қатысты тергеу басталғаны хабарланды (видео)