Нұр-Сұлтан әкімдігінің Facebook-тегі онлайн-брифингінде елордалық білім басқармасының басшысы 2020 жылы 1-сыныпқа қабылдау қалай өтетінін түсіндірді. Басшы қажетті құжаттардың тізімін айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Басқарма басшысы Шолпан Қадырованың айтуынша, 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау автоматты түрде жүзеге асырылады. Ол үшін Egov арқылы өтініш беру керек.
Яғни порталға ата-анасының немесе қамқоршысының өтініші, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, денсаулық туралы екі құжат – 026/у-3 (денсаулық паспорты) және 063/у, баланың 3×4 өлшемде түскен 2 суреті сияқты бірнеше құжаттарды жүктеу қажет.
Ал балаларды ерекше қажеттіліктері бар мектептерге қабылдау үшін педагогикалық және медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы керек.
Egov арқылы қашықтан мектепке немесе сыныпқа ауысу жөнінде өтініш те беруге болады.
Қадырованың айтуынша, мектеп комиссиялары аталған құжаттардан басқа қосымша қағаздар сұрамауы керек.
1-сыныпқа құжаттар қабылдау 1 маусымнан басталады. 17 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан мектептерінде балаларға арналған ақысыз «жазғы мектептер» іске қосылады.
Оқи отырыңыз:
- Әйелін ұрып өлтірді: Павлодарлық қоғам белсендісі «кісі өлімі» бойынша тергелуде
- Атырауда жоғалып кеткен бір жарым жасар сәби өлі табылды
- Өскемен тұрғыны таныс қызының көлігін өртеп жіберді (видео)
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз